«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



бет75/162
Дата08.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195762
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Мағыналық аспект-педагогтың ғылыми-танымдық немесе ғылыми-жобалау қызметіне қайсы бір әдіснамалық бағдардағы орны және маңыздалығы.
Сонымен, XXI ғасыр басында педагогикалық әдіснаманы түсінуге түрлі тұғырлар анықталды, олардың ішінде гносеологиялық және праксиологиялық тұғырлар жиынтығында “педагогикалық болмысты тану және қайта құрудың әдістері туралы ғылым” ретінде әдіснама туралы жалпы көзқарасы дұрыс және педагогикалық әдіснама мағынасында ережелер мен ғылымтану тұғыры идеяларына сәйкес жалпы ұғымын нақтылау болып табылады.
Бірақ дәл жалпы ғылыми және ғылымтану тұрғысынан педагогикалық әдіснама құрылымында педагогикалық ғылым әдіснамасымен қатар және және педагогикалық практиканы жобалау әдіснамасының құрылуы қажеттілігі туралы тұжырым заңды болып табылады. Гносеологиялық және праксиологиялық тұғырлар аясында “педагогикалық әдіснама” терминін ашудың мазмұнды, нормативті, нормативтік және мағыналық аспектісі туралы айтуға болады.
Педагогикалық ғылым педагогикалық қызметтің саласы сантүрлі болатын және өзара қабысатын өте күрделі болмыс болып табылады. Түрлі танымдық және қайта құрушы педагогикалық болмысты дамытуда бағыттарды парапар түрде бейнелеу және түсіндіру үшін түрлі ғылыми бағыттардың өкілдері дәйекті диалог пен өкімді сынға дайын болуы маңызды.
Тұтас мемлекет немесе жеке аймақ деңгейінде бүкіл білім беру практикасын реформалау және педагогика ғылымының парадигмасына өзгеріс болуы мүмкін, бірақ педагогикалық ғылымды және оның өзара байланыс практикасының даму үдерісіне, және құрылымына әдіснамалық талдаудың осы біржақты емес және көбіне қаншалықты үдерісті жаңартудың әдістері мен ғылыми мазмұнын байытудың қажеттілігі өзгермейді. 2001 жылғы Бүкілресейлік әдіснамалық семинарда В.В Краевский әділ атап көрсеткендей: ‘...... зерттеулерден алынған нәтижелерді бір арнаға бағыттайдың жүйе құрушы бастау бірыңғай тіректің жоқтығы жаға педагогикалық жүйені құруда сүйенетін теориялық және әдіснамалық реттегі нағыз шынайы білімдердің туындауына ықпал ете алмайды.
Қазіргі таңда ғылыми қауымдастықта педагогикалық әдіснаманың ғылыми статусын түсіну қалыптасты. Педагогикалық әдіснама:
Педагогикалық дамудың жаңа әдістерін және эмпиралық жүйе ретінде педагогикалық практика объектілерін жобалаудың жаңа әдістерімен ғылыми жүйе ретінде іздеумен байланысты; осы қызметтің ұйымдастырылуы, мазмұны, құралдары және нәтижелері қағидаларында теориялық жүйе ретінде түсініледі;
Ғылыми таным және педагогикалық болмысты қайта құру әдіснамасы педагогикалық ғылым және педагогикалық практиканы дамыту әдіснамасы ретінде жүйе ретінде қаралады және біртұтас жүйедегі түрлі әдіснама ретінде өмір сүреді.Педагогикалық әдіснама мағынасы және мақсаты бойынша ғылыми-техни калық зерттеуді немесе педагогикалық жобалауды ұйымдастыруды қалай жүргізу, педагогикалық ғылымды немесе практиканы дамытуға қатысты болжам жасау немесе қайшылықсыз педагогикалық теорияны құру, ғылыми ізденудің алынған нәтижелерін дұрыс түсіндіру мәселелеріне жауап береді. Әдіснаманы педагогикалық зерттеу, жобалау, немесе болжамдау пәні толғандырмайды немесе объект құрылымы басқару бойынша кеңесші ретінде аталмыш компанияның қаржылық жағдайы немесе иерархиялық құрылымы толғандырмайды. Олардың екеуі де нақтылы жағдайға сәйкес жалпы қағидаларды, біз айтып отырған жағдайда педагогикалық таным, жобалау немесе болжамдауды жасайды. Әдіснаманы зерттеушіге оның ғылыми жұмысындағы ақаулықтарды немесе ауытқұшлықтарды көрсетеді, нақтылы қателіктерді анықтайды және оларды қателердің жалпыға белгілі тұрпатына жатқызып, ғылыми-зерттеу немесе жобалау-қайта құру міндеттерін шешуде нақтылы тапсырмалар қояды. Нені зерттеу немесе жобалау қажет?-деген сұрақтың орнына әдіснамашы;қалай зерттеу немесе жобалау керек? Деген басқа сауал қояды.
Педагогикалық ғылымды педагог-зерттеушілердің танымдық қызметінің пәні педагогикалық практиканың және оның позитивті немесе негативті түрде өзгеруінің педагогикалық қызметтің оның міндеттері, мақсаттары, мазмұны, әдістері, нәтижелері, қызмет ету шарттары, дереккөздері мен өзгеру себептері немесе даму факторларының саналуандылығы сипаты мен ерекшеліктеріне тәуелділігі болып табылады. Осыған байланысты педагогика саласында әдіснамалық талдау объектісі педагогикалық ғылым педагогикалық практикамен және міндеттері, үлгілері және түрлері, шарттары мен дереккөздері, логикасы, осы қаиынастардың бағыттары мен даму сипаттары әралуан ғылыми білімнің басқа салаларымен өзара байланысты болады.
Әдіснаманың пәнін “педагогикалық болмыстың тұтас өзі, оның даму диалектикасы ету керек. Әлеуметтік педагогикалық қатынастар жүйесіндегі педагогикалық даму диалектикасы қаншалықты екенін талдау маңызды”.
Педагогика әдіснамасының пәні кең мағынасында педагогикалық болмыс пен оның педагогикалық ғылымдағы бейнесінің ара қаиынасын, педагогикалық әдіснаманың педагогтардың әдіснамалық қызметін ұйымдамстыру және дамыту ерекшеліктері мен сипатына тәуелділігін анықтайды. Педагогикалық әдіснаманы тап осылай түсіну жалпыәдіснамалық және ғылымтану жұмыстарының көпшілігінде дамуда.
Г.П. Щедровицкий нақтылы-ғылыми және философиялық тұрғыда қарама-қарсы қойылуы мүмкін әдіснамалық жұмыстың алты белгісін бөліп көрсетеді. Мысалы, оның пікірінше әдіснаманың негізгі қызметі оның адам қызметінің бүкіл әмбебаптығына ең алдымен, жобалармен және ескертпе ұйғарым.
Ғылыми мектептердің феномені негізінен ғылымтанудың, ғылыми тарихының, әлеуметтік психологияның зерттеу пәні болып келді. Педагогикада «ғылыми мектеп» түсінігі әдетте сол мектеп жасаған теорияны қарастыруға байланысты туындады. Ғылыми мектептің өзі осыған дейін педагогикалық зерттеулердің объектісі ретінде мойындалған емес. Қазіргі уақытта ғылымдағы жеке шығармашылық туралы түсінік өзгерді. Жеке ғылым «ұйымның адамына» айналды. Әдебиетте талдау бірлігі ретінде ғылымда тұжырымдамалық деңгейде біріккен және жаңа білім алуға ұмтылыстағы ғылыми ұжым алынатын болды. Соңғы жылдары кандидаттық және докторлық диссертациялардың сапасы мәселесінің өзектілігіне орай ғылыми зерттеу жүргізуге және ғылымдар даярлауға көптеген еңбектер арналуда. Ғылыми білім беру негізінен ғылыми мектепте жүзеге асады. Ғалым В.С.Леднев ғылыми білім беруді негізгі саланың бірі ретінде қарастыра отырып, ғылыми жетекшілерді арнайы педагогикалық даярлаудың қажеттілігін негіздейді. Ол диссертациялық зерттеулергі жетекшілік ету педагогикалық іс-әрекеттің ең күрделі түрі деп есептейді. Зерттеуші әрекеттің сипаты одан арнайы эксперименттік және теориялық, математикалық, логикалық, философиялық-әдіснамалық, этикалық-адамгершілік даярлықты қажет етеді. Сондықтан да ізденуші зерттеу әдістемесін ұзақ және түрлі қиындықтарды жеңу арқылы игереді. Демек зерттеушінің қалыптасуына ғылыми жетекшінің, ғылыми мектептің ықпалы зор деуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет