«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



бет159/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Зерттеуші-педагог

ТПҮ(а1)

ЗӘ (а9)


ИДӘ (а8)


ПҒПӨӘЖА (а7)


ПҒЖПЕ (а6)


ОПТЗ ж Ж (а5)


ҒӘЖ (а4)


Пр жәнеӨР (а3)


ҒЗЖ (а2)

Жаңашыл педагог

Инноватор педагог

Шығармашыл педагог


Оқушы әрекетін талдаушы педагог

Практикалық әрекетін талдаушы педагог

Педагогикалық жасалымдар құрастырушы педагог

Зерттеушілік мәдениетті меңгерген педагогтер типтері типтерітиптері




Педагогтің ерттеушілік мәдениетті іске асыру даярлығы








5 сурет - Педагогтердің зерттеушілік мәдениетті іске асыру даярлығы мен зерттеушілік мәдениетті меңгерген педагогтер типтері арасындағы өзара байланыс үлгісі

Тұтас педагогикалық үдерісті, ғылыми зерттеу жұмысын, ғылыми әдістемелік жұмысты педагогтің жүзеге асыру тәжірибесін оның зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру аясында жасалған ретроспективті талдау бұл мәселелердің 1950-1970 жылдары терең зерделенгенін көрсетеді. Соның нәтижесінде рационалистік тәжірибе (сабақты құрудың теориясы мен әдістемесі, липецк тәжірибесі, оқушылардың үлгермеушілігін болдыраму саласында ростовтық мұғалімдер тәжірибесі және т.б.); ал озат педагогикалық тәжірибені зерделеу және жинақтау, педагогика ғылымы жетістіктерін практикаға ендіру теориялары 1970-1980 жылдары қарқынды дамыды және жаңашыл тәжірибенің (жаңашыл мұғалімдер тәжірибесі) қалыптасуына ықпал етті; педагогика ғылымы мен практиканың өзара әрекеттестігі, инновациялық-дидактикалық әрекет теориялары 1980-1990 жылдары инновациялық тәжірибенің (инноватор мұғалімдер тәжірибесі) дамуына әсер етті; мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру теориялары 1990-2000 жылдары белсенді дамып, ғылыми тәжірибе (зерттеуші мұғалымдер тәжірибесі) жинақталды.


Сонымен, педагогикалық тәжірибенің табысты қалыптасуын былайша сызбамен көрсетуге болады: рационалистік тәжірибе - жаңашыл тәжірибе - инновациялық тәжірибе - ғылыми тәжірибе.
Педагогтің зерттеушілік мәдениетін меңгерудің ең биік шыңы жаңа білім беру парадигмасының орнығуына байланысты оның табысты кәсіби-зерттеушілік әрекеттің және жоғары деңгейдегі зерттеушілік мәдениеттің иесі болып қалыптасуы болып табылады Ұсынылған модель ұстанымдық ерекшеліктері мен кейбір артықшылықтарымен сипатталады. Біріншіден, педагогтің зерттеушілік мәдениетінің инварианттық құрауыштары: тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен технологиясын жүзеге асыруға даярлық, ғылыми-зерттеушілік жұмысқа даярлық, педагогикалық рефлексияға және өзіндік рефлексияға даярлық педагогтің кәсіби әрекетке даярлығының барлық түрінде орын алған. Өйткені бұл жүйенің әр бөлігіне жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету рөлі белгіленген, ал бөліктер арасында өзара әрекеттестік пен өзара шарттылық аса тиімді болған баолар еді. Екіншіден, педагогтің зерттеушілік мәдениетінің моделі - зерттеушілік мәдениетті қалыптастыру теориясын жасаудың негізі. Үшіншіден, аталмыш сапаны меңгеру деңгейін бағалау соңғы нәтижемен ғана емес, ол сапаның даму барысымен де сипатталады.
Зерттеушілік мәдениет негізінен педагогке дидактикалық жаңалықты пайымдау және құрастыру үшін қажет. Мұнда зерттеуші педагогтің жаңартушы белсенділігін қамтитын әдіснамалық білімнің элементтері бар. Сонымен қатар зерттеушілік мәдениеттің өзегі зерттеу әрекетінің барлық салаларын бағдарламалық қамтамасыз ету қызметтерін атқарды. Оның құрамына зерттеу әрекетінің заңдылықтары, дидактикалық жаңалықтар; жаңалықтардың құндылықтары; дидактикалық жаңалықтардың теориялық тұжырымдамалары енеді.
Зерттеушілік мәдениетті жетілдірудің шарттарына кафедраның немесе зерттеу топтарының ғылыми-әдістемелік жұмысы; озат педагогикалық тәжірибені және педагогикалық инновацияларды ғылыми жинақтау; психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәижелерін кешенді ендіру; психологиялық педагогикалық теориялар мен практиканың өзара әрекеттестігін іске асыру жатады. Бұл үдеріс «теория - тәжірибе - теория», педагогикалық инновациялық қозғалыс, зерттеушілік ізденістер үлгісімен жүреді.
Педагогтің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру әрекетінің үш құрылымдық бөлігін қарастыруға болады. Олар: мотивациялық, когнитивтік және үдерістік (5-кесте). Мотивациялық бөлікке білім беру мен ғылымдағы инновациялық үдерістерді танып білуге ұмтылыс; философиялық, әдіснамалық, психологиялық, педагогикалық әдебиетке қызығушылық; жаңа педагогикалық фактілерді, құбылыстарды үдерістерді, талдауға ынтасы; кәсіби-педагогикалық әрекетте өзін өзі жүзеге асыруға ұмтылыс енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет