Тәрбие мазмұны дегеніміз не?
Тәрбие мазмұны деген түсінікке білім, сенім, дағдылар және жеке тұлғалық қасиеттер жүйелері мен оқушылардың алдарына қойған мақсат-міндеттеріне жету жолындағы тұрақты мінез-құлық, әдеттер жиынтықтарын жатқызамыз. Ақыл-ой, дене, еңбек, кәсіби техникалық, адамгершілік, эстетикалық тәрбиелерінің біртұтас педагогикалық процесте біте қайнасып байланысуы арқылы жан - жақты және адамгершілікті дамыған тұлға тәрбиелеуге бағытталған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.
Соңғы кезде тәрбие мазмұнына деген көзқарастар елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі қоғамда, мектеп мақсатқа жету жолында тәрбиенің ізгілендіруі, демократияландыру курсын ұстап отыр. Бұл тәрбиенің жаңа сапалы жолы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |