Педагогика пәнінің объектісі – саналы және мақсат көздеген,нәтижеге бағытталған тәрбие процесі.
Педагогика пәні – жеке тұлғаның дамуын анықтайтын қарама-қайшылықтар, заңдылықтар, қарым-қатынастар, тәрбие процесінің ұйымдастыру мен жүзеге асыру технологиясы.
Педагогиканың негізгі функцияларымен міндеттері.
Тәрбие процесінің себеп-салдық байланыстарының, заңдылықтарының, қарама-қайшылықтарының, мазмұнын теориялық тұрғыда зерттеу, талдау, түсіндіру мен түсіну;
Педагогикалық тәжірибені талдау, анықтау, бағалау.
Тәрбие жүйесінің ғылыми негізделген мақсатының болуын, жоспарын жасау және даму жүйесінің болуын қамтамасыз ету.
Тиімді басқару.
Жаңа педагогикалық технологияларды жасау (тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны, формалары, әдістері мен құралдары) инновациялық педагогикалық іс-әрекеттер негіздері мен педагогикалық жүйе.
Педагогикалық зерттеу нәтижелерін тәжірибеге ендіру;
Оқыту құрылымдарын басқаруды ғылыми-әдістемелік тұрғыда құру.
b Көңіл аудар !
Бұл схемада педагогика ғылымының негізгі міндеттері ғана көрсетілген.
Білім берудің тәжірибелік тұрғыдағы міндеттерімен шатастырма !
Кез – келген ғылымды оқып-зерттеу бұл ғылым қашан, қалай пайда болды және оның зерттеу саласы не деген сұраққа жауап іздеуден басталады.
Тарихи тұрғыдан алғанда педагогика бала тәрбиесі туралы ғылым болып қалыптасты. Тіпті «педагогика» деген сөздің мәні гректің «пайдагогос» баланы жетелеу» деген мағына беретінін айтып кеттік. Ежелгі Грецияда қожасының баласын қолынан жетектеп мектепке апаратын құлды педагог деп атаған. Ал мектепте басқа оқыған құл ол балаға тәлім-тәрбие берген. Біртіндеп «Педагогика» ұғымы «Баланы өмірге үйретуші», яғни дене тәрбиесімен қатар рухани тәрбие беру деген мағына береді. Сол кезден-ақ атақты адамның өз атымен қатар, оны тәрбиелеген педагогтың аты қатар аталатын болған.
Достарыңызбен бөлісу: |