Педагогика – ғылым?
... -өнер?
...- және өнер!
Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым, ол тәрбиенің мәнін, мақсатын, міндеттерін және заңдылықтарын, адам өміріндегі тәрбиенің ролі мен дамуына әсерін қарастырады.1
Педагогика – тәрбие, білім беру және оқыту мәселелерін құрайтын теориялық және қолданбалы ғылымдар жиынтығы.2
Яғни барлық энциклопедияларда, сөздіктерде педагогика – тәрбие туралы ғылым деп тұжырымдалады.
Бірақ, бұдан да басқа пікірлер бар.
Педагогика – бұл өнер, - дейді біреулері
|
Педагогика – ғылым, - дейді екіншілер.
|
Педагогика – бұл ғылым да, өнер де және технология, -дейді үшіншілері.
|
... Саясат та, медицина да, педагогика да ғылым деп аталуы мүмкін емес... Олар тек өнер болып табылады...
... Өнердің әрине өзінің теориясы болуы мүмкін, бі- рақ өнердің теориясы – ғылым емес; теория бұрыннан бар.
Қалыптасқан қағидалар мен қарым-қатынастардың заңдылықтарын баяндай алмайды, бірақ оларды тәжірибеде, іс-әрекетте пайдалануға көмектеседі.3
К.Д. Ушинский
|
Техника да, талант та емес, тек идея ғана бір адам арқылы екінші адамға берілмек. Сондықтан да педагогика теориялық білім ретінде, ой-идея ретінде беріледі.4
П.П. Блонский.
Педагогика – қолданбалы ғылым. Бұл ғылым «бар нәрсе туралы емес», «қалай болу керек» туралы, Бар нәрсені зерттейтін емес, қалай жол табу керек? Не істеу керек? дегенді қарастырады. Бұл «іс-әрекет өнері» туралы ғылым.5
С.И. Гессен.
|
Тәрбие теориясының негіздерін толық және жүйелі баяндау, яғни тәрбиеге қатысты ережелер мен әдістерді баяндау тәрбие туралы ғылым немесе педагогика деп аталады; ал тәрбие теориясын дұрыс пайдалану – педагогикалық өнер болып табылады. 6
А.Г. Ободовский
Өнер – интуицияға, сезімге негізделеді, технология-ғылымға сүйенеді. Өнерден бәрі басталады, технологиямен аяқталады, сөйтіп одан әрі бәрі қайта басталады.7
В.П.Беспалько.
|
Педагогикалық энциклопедия. Т.3, М., 1966. 281 бет.
Энциклопедиялық сөздік. М., 1987. 979 бет.
Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания. Избр.соч. М.1974. Т.1. 229-2305.
Блонский П.П. Курс педагогики. М., 1916. с.4.
Гессен С.И. Основы педагогики. М., 1995. с.23.
Ободовский А.Г. Руководство к педагогике, М., 1987, с.261.
Беспалько В.П. Слагаемые пед.технологии. М., 1989.с.5.
Тақырып Педагогика пәні және міндеттері
Педагогикалық оқулықтарда педагогика пәнінің ғылыми танымдық, зерттеу саласы – қоғамның ерекше қызметі – тәрбие қарастырылады.
2-таблицада педагогика пәніне түрліше анықтама пікірлер берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |