Іс қымбат емес, іскерлік қымбат (халық мақалы). Оқыту принциптері Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды
Принцип – (лат. сөзі) – бастапқы, басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида дегенді білдіреді.
мақсаттылық
ғылымилық
түсініктілік
жүйелілік және бірізділік
саналылық пен белсенділік
көрнекілік
педагогикалық процестің бағыттылық принципі.
Оқулықпен жұмыс: "Кубиктер" әдісі бойынша:
Әр принцип туралы әр топ өз тапсырмасын орындайды.
Сипаттаңыз (принциптерге сипаттама)
салыстырыңыз (тәрбие принциптері мен оқыту принциптері-("Венн "диаграммасын қолдан)
ассоциация (қандай ой тудырды, немен байланысады?)
талдау (анализ)
іске асыру, қолдану
қарсы екеніңізді не қолдайтыныңызды (өз позицияңызды дәлелдеу)
Біліміңді тексер:
Сұрақтар:
Дидактика нені зерттейді және оның негізгі категорияларын атаңыз?
Оқыту процесінің жүйесін, құрылымын сипаттаңыз.
Оқыту процесінің функциясының мәні, олардың өзара байланысы.
Оқыту процесінің танымдық іс-әрекетінің кезеңдері жөнінде не айтар едіңіз?
Оқыту мотивтерін атап, оларды сипаттаңыз.
Оқытудың қандай түрлерін білесіз және оқыту процесінде олардың алатын орны?
Оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптері, олардың өзара байланысы.
Дж.Дьюидің :"Оқыту материалдарын бала тәжірибесінен алып байланыстыру керек";
"Обучение через делание" -" Істету арқылы оқыту"-деген концепциясына сіздің көзқарасыңыз?