Білім мазмұны және оның ғылыми негіздері
Білімнің мазмұны – оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде оқушының ақыл-ойы, қабілеті дамуы, ғылыми –материалисттік көзқарасы, мінезі қалыптасады.
Білім мазмұны
Білім
|
Дағды мен икемділік
|
Сезім, құндылық қатынас
|
Шығармашылық, қызмет тәжірибесі
|
Табиғат
Қоғам
Адам
Іс-әрекет
Қызмет істеу тәсілі туралы
|
Ақыл-ой (интеллектуалдық)
Іс-тәжірибелік
(практикалық)
|
Адамдарға
өз міндетке
қоғамдық меншікке
табиғатқа
өз-өзіне
|
Білім мен дағдыны жаңа жағдайда қолдану
Проблеманы өзекті мәселені көре білу
Бұрыннан белгілі таныс элементтерге жаңаны араластыру, жаңа туынды жасау мүлдем жаңа шешім табу.
|
Ескер!
Қазіргі заманғы білім мазмұны тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына бағытталуы тиіс.
Білім беру тұлғаға бағытталған кезде ғана әр оқушының оқу әрекеттері кезінде қол жеткізген табыстары оның бойында мендік («мен») тұжырымдамасының (концепциясын) қалыптасуына әсер етеді.
Білім мазмұнының деңгейін көтеруге қажет принциптер:
1. Оқушыларды біліммен қаруландырудың табиғатты қорғауға, еңбекке және өмірге жауапкершілік қатынасты тәрбиелеудің қажеттілігі.
2. Білім мазмұны негізінде ұлттық мәдени тарихи байлықты, құндылықтарды жалпы адамзаттың мәдени мұрасымен ұштастыру.
3. Білім мазмұнында әлеуметтік – экономикалық даму жолдарын ескерудің маңыздылығы.
4. Пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ғылыми - әдістемелік негізде жүзеге асыру.
5. Қазіргі үдемелі ғылыми – техникалық жағдайда ақпараттық технологияны пайдалану, білім мазмұнын жаңарту.
6. Ұлттық тілді, халықаралық қатынас тілдерін оқып - үйренудің тұрмыс, мәдениет және ғылым салаларындағы маңыздылығы.
7. Жалпы білім мазмұнының политехникалық және кәсіптік білім мазмұнымен ұштасуы – теориялық, практикалық білімнің маңызы.
Адам қоршаған ортада тұлғаның өз тағдырын өзі шешу үшін тіршілік әрекетін, білімін гумандық негізде қамтамасыз етеді.
«Қоғам» өрісінде өз тағдырын өзі шешу Отан , адамзат, интернационализм, құқықты мемлекет, демократия, жариялылық, үйелмен, еңбек, азаматтық жауапкершілік сияқты құндылықтарды игеру арқылы болады.
Адам «табиғат» жүйесінде өзін табиғаттың бөлшегімін деп тануы, экологиялық мәдениетті меңгеруі, ұрпақ алдында жауапкершілігін түсінуі.
Білім мазмұнына талаптар:
тарихи қатынас, ұлттық негіз
ғылымилығы, қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкестігі
көлемнің сәйкестігі
пәнішілік – пәнаралық байланыс
тәрбиелік бағыттылық
өмірмен байланыстылық
политехникалық бағыттылық
Сонымен,
Білім беру мазмұны - шығармашылық қызмет тәжірибесі, қоршаған ортаға сезімдік эмоциялық құнды қатынас пен ғылыми дәлелденген білімдер, дағдылар, икемділіктер жүйесі.
Оқушыларды жан-жақты дамытып, оларда дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білімнің, іскерліктің, дағдының дәл белгілеп алынған шеңбері.
Оқу жоспары - оқытылатын оқу пәнінің құрамын, оқу жылы бойынша бұларды оқытып - үйретудің тәртібі мен рет - жөнін, әрбір пәнге бөлінген сағат санын жылына және оқу аптасына анықтайтын, оқу жылының құрылымын белгілейтін мемлекеттік құжат.
Оқу жоспарының негізгі және типтік түрлері есепке алынады.
Жалпы білім беретін мектептердің өтпелі базистік оқу жоспарында толық жүктеме екі деңгейге бөлінеді: тұрақты және жылжымалы.
Тұрақты жүктеме құрамындағы пәндер жалпы орта білім беретін мектептердің барлық типтерінде ( бағдарлы мектеп, гимназия, лицей, жеке мектеп, т.б) оқылады.
Жылжымалы бөлім бойынша таңдамалы пәндерге бөлінген уақыт тереңдете оқытылатын пәндерге беріледі.
О
Бағдарлама –, программа (program – грек) – хабарландыру н, мазмұн, іс - әрекет, қызмет жоспары, оқу ұсқау пәнінің мазмұнын қысқаша баяндау
қу бағдарламаларында – білім мазмұны сипатталады, пәндер бойынша әр жылға және оқылатын курс тақырыптарына бөлінетін сағаттар саны белгіленеді.
Бағдарламада әр пәнді оқыту жайындағы негізгі міндеттерді көрсетіп, мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулар ұсынылады, әр пән бойынша түсінік хат жазылады.
Оқулықтар оқу бағдарламаларының негізінде, оқушылардың жас ерекшелігіне сай, оқу материалының мазмұнын анықтайтын кітап.. Білім берудің негізгі көзі.
* Оқыту процесі және оның мәні деген тақырыпқа мына сұрақтар бойынша дайындал; конспект жаса,өз ойыңмен бөліс:
* Оқулыққа қойылатын талаптар және төл оқулығымыздың қазіргі жайы.
Оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары
Оқыту процесінің қозғаушы күштері
Оқушылардың білімді ұғынудағы сатылары
Оқыту принциптерінің сабақта өз көрінісін табуы
Әдебиеттер:
Пидкасистый П.И. Педагогика,-М., 1995
Занков Л.В. «Дидактика и жизнь»,-М., 1988
Бержанов Қ.Б. «Тәрбие мен оқыту бірлігі»,-Ал., 1973
Көшекбаев Н. «Оқыту тәрбиесі» Ал., 1976
Сабиров Т.С. « Оқыту теориясының негіздері» Ал., 1993
Сабиров Т.С. «Оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары» Ал., 1986
Қоянбаев Ж. «Педагогика» Ал., 1998
Қоянбаев Р. «Білім беру, оқыту негіздері» Ал., 1990
Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы – «Қазақстан мұғалімдері» 1993, №7, 9 сәуір
«Кез келген адам білім бере алмайды, тек оқушысының психикалық өмірін білетін және білімді беруге түрлі әдіс-тәсілді қолдана алатын адамның қолынан келеді». «Мұғалімнің оқушылардың саналылығы мен белсенділігіне сүйене отырып, білім, дағды, іскерлікпен қаруландыратын құралдары мен жолдарын – оқытудың әдістері деп атаймыз». Квинтилиан
Достарыңызбен бөлісу: |