Педагогиканыњ жалпы негіздері тарауы


Оқыту әдістері және құралдары



бет115/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,08 Mb.
#96990
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   163
Байланысты:
855b4653-98e6-4ba2-b1d4-a699e763ee35

Оқыту әдістері және құралдары
Сіздер бұл тақырыптан дидактиканың негізгі құрамды бөлігі оқыту әдістері туралы түсінік аласыздар. Оқыту әдістерін зерттеуші ғалымдардың пікірлерімен танысасыздар; оқыту әдістерін топтастыру туралы түсініктерің кеңейеді; оқыту функцияларының оқушының дамуы, тәрбиеленуі, қалыптасуындағы жарамдылығын (тиімділігін) анықтайсыздар. Өз беттеріңше жаттығу жұмыстарын жасап, проблемалық сұрақтарға жауап бересіздер.
Қалай оқыту керек? – деген дәстүрлі дидактикалық сұрақ бізді оқытудың әдістері категориясына әкеледі. Әдістерсіз мақсатқа жету, мазмұнды игеру, танымдық іс-әрекетпен айналысу мүмкін емес.

Әдіс деген сөз гректің “metodos” деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді...



Педагогикалық энциклопедияда: «Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен оқушылар білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды,» - деп жазылған.
-Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік «әдіс»

  • мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған «іс-әрекет» - деген анықтама береді.

Оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.
Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушының белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.1
«Оқыту әдістері» ұғымына әр түрлі анықтамалар бар, егер оларды талдап қарасақ, оның қазіргі жағдайын түсінуге болады.

1. Р. Қоянбаев, Ж. Қоянбаев. Педагогика. Астана., 1998. 239 бет.


Ф.Бекон: « әдіс – ол сапар шегіп келе жатқан жолаушының жолына түсіп тұрған жарық, жолда келе жатқан ақсақ кісінің өзі жолсызбен жүгіріп келе жатқан адамды озып өтеді» деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет