Оқыту әдістерінің :
1. дәстүрлі топтастырудың бірі – білім көзіне қарай жіктелуі:
Практикалық
|
Көрнекілік
|
Сөздік
|
Кітаппен жұмыс
|
Видео
|
Тәжірибе жаттығу
Оқу-өндірістік
еңбек
|
Иллюстрация
Демонстрация
Оқушылардың бақылауы
|
Түсіндіру
Ауызша баяндау
Әңгімелеу
Әңгіме
Инструктаж
Лекция
Пікірталас
|
Оқу
Зерттеу
Шолып қарау
Түртіп алу
Мазмұнын
Айту
Жоспар жасау
Конспект жасау
|
Қарау
Оқу
«Электрондық мұғалімнің» көмегімен жаттығу тексеру
|
2. Мақсаттары мен құралдарына қарай әдістердің топтасуы. (М.А.Данилов, Б.П.Есипов) Бұл әдістерді топтастырудағы
– сабақ процесінің кезеңдері маңызды белгі болып ерекшеленеді.
жаңа білім беру әдісі;
біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі.
Білім, білік, дағдыларын қолдану;
өзіндік шығармашылық іс-әрекет;
білімді бекіту;
білімді тексеру әдісі.
Әдістерді таным іс-әрекетіне қарай топтастыру. (И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин) Бұл әдістер тобы оқушылардың таным белсенділігіне тығыз байланысты:
түсіндірмелі – иллюстративтик, (ақпараттық-рецептік)
репродуктивтік;
проблемалық баяндау;
эвристикалық (ішінара іздену)
зерттеу әдістері;
Егер мұғалімнің ұйымдастырған іс-әрекеті, дайын білімді еске қалдыруға ғана әкелсе, мұнда оқушының ақыл-ой, танымдық белсенділігі төмен, яғни ол тек дайын берілген білімді қайта есіне түсірумен ғана шектеледі. (репродуктивтік).
Баланың ақыл-ойына күш түсіре шығармашылық танымдық еңбек жасау, іздену арқылы оқыту, эвристикалық, немесе одан да күрделі зерттеу әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Ол ақпараттық – рецептивтік әдіс:
Оқушыларға білім «дайын» күйінде беріледі.
Мұғалім бұл білімдерді әртүрлі амал-тәсілдермен қабылдатады.
Оқушылар қабылдайды: (рецепция) және білімді түсінеді, есіне сақтайды.
Дидактикалық мақсаттарға байланысты оқыту әдістерінің 2 тобы айқындалады:
Оқу материалын алғашқы игеруге көмектесетін әдістер;
Алғашқы білім бекітіліп, толықтыруына көмектесетін әдістер.
(Г. И. Щукина, И. Т. Огородников т.б.)
1-топқа: ақпараттық – дамыту әдістері (ауызша баяндау, әңгіме, кітаппен жұмыс); эвристикалық (эвристикалық әңгіме, диспут, зертханалық жұмыс); зерттеу әдісі.
2-топқа: жаттығу (үлгі бойынша, ауызша жаттығулар, вариативті жаттығулар) практикалық жұмыстар.
Дидактикада академик Ю. К. Бабанскийдің әдістерді классификациялауы кең өріс алды. Ол оқыту әдістерін 3 үлкен топқа бөледі:
Оқу - танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері
Оқу - танымдық іс-әрекетті ынталандыру, мотивтендіру әдістері.
Оқу – танымдық іс-әрекеттің тиімділігін бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері.1
Достарыңызбен бөлісу: |