Сабақ талдау түрлері мен типтері Сабақты талдау мен өзіндік бағалаудың өзі мұғалімнің шығармашылығының элементі:
Өзіндік талдаусыз мүмкін емес:
оқытудың толық жүйесін құру;
шеберлікті арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
озат педагогикалық іс – тәжірибені жинақтау;
техникалық жұмысқа уақытты жұмсауды қысқарту;
мұғалімнің өзіндік қорғау мен психологиялық ахуалды қамтамасыз ету.
Сабақ талдау типтері
– толық - мұғалім іс-әрекетінің стилін анықтау мен іс тәжірибесін, оқу – тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыруды бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
– қысқа - жалпы сапасын бағалау мақсатында және негізгі дидактикалық категорияларды айқындайды;
– кешенді – сабақты ұйымдастыру формасы, әдісі, мазмұны, мақсаты арасындағы байланыс пен бірлігін жан – жақты қарастыруды болжайды. Көп жағдайда бір тақырыпқа байланысты бірнеше сабақтарды талдауда және жас мамандарды оқытуда қолданылады.
– аспектілі – сабақтың бір түрін терең қарастыру қажеттілігі туындаған кезде мұғалімнің іс - әрекетіндегі жекеленген амалдарының тиімділігі мен кемшіліктерін айқындау мақсатында қолданылады.
Талдаудың әрқайсысының бірнеше түрлері бар: дидактикалық, психологиялық, тәрбиелік, методологиялық, ұйымдастырушылық.
Педагогикалық талдаудың мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін, осыған сүйене отырып сабақтың бір аспектісіне (жалпы педагогикалық, психологиялық т.б.) сәйкес келетін жекеленген талдау жүзеге асырылады.