Осы тақырыптағы (сұрақтағы) бағдарламаның талаптарының барлығы байқалды ма?
Жаңа материалды түсіндірген кеде оқушылар қаншалықты белсенді болды (қабылдауы, түсінуі, танымдылық қызығушылықтың оянуы)?
Жаңа материалдың жеке «бөліктерінің» шешілу жолдары дұрыс таңдалды ма?
Жаңа материалды оқыту кезінде нені өзгертуді қажет етті және қалай?
Алғашқы, жалғасқан бекіту өз орнын таба алды ма? (сабақтың арнайы таңдалған кезеңінде жаңа материалмен түсіндіру барысында бекіту орын алды ма?)
Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейінің сапасы қалай бағаланды (оқушылардың қамтылуы қаншалықты, тақтаға шығару принципі т.б.)?