Оқушылар санына байланысты оқытуды
ұйымдастыру формасы:
Көпшілік Топтық Жеке-дара
Пәндік олимпиада Сабақ Үй жұмысы
Оқу конференциясы Саяхат экскурсия Қосымша жұмыс
Өндірістік тәжірибе Зертханалық жұмыс Консультация
(практика) Факультатив Сұхбаттасу
Практикум Сынақ
Емтихан
Оқытудың – кластық сабақтық жүйесі – оқушылар класқа (сыныпқа) топтастырыла отырғызылып, оқытудың негізгі формасы сабақ болып табылатын оқу процесін ұйымдастырудың түрі. Кластық сабақтық жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский.
САБАҚ – шығармашылық акті. Ол мұғалімнен де, оқушыдан да дене, ақыл-ой, сезімдік күш-жігер жұмсауды талап етеді.
Сабақ мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері жүзеге асады; оқушылардың ой-өрісі кеңейеді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеті қалыптасады. Сабақтың негізгі мақсаты – тұлғаны оның қабілеті мен дарындылығына сүйініп дамыту. Сабақ – бұл бір-бірімен өзара байланысқан тұтас жүйе, мақсат, оқу материалын ашу деңгейі, қолданылатын әдістер, сабақтың құрылымы, нәтижесі, т.б.
Сонымен,
Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу-тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс-әрекеттің байланысы.
Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен , бір жағынан оқытудың психолого – педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген.
Қазіргі заманғы сабақ деп, мұғалім оқушының тұлғалық дамуына, ақыл-ой белсенділігінің өсуіне, білімді саналы игеруге,адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға барлық жағдайды, мүмкіндіктерді тиімді пайдаланатын сабақты айтамыз.
Кез – келген сабақтың өмірге келуі оның айқын, нақты нәтижеге бағытталған мақсатын түсінуден басталады. Ол нәтиже – мұғалімнің не нәрсеге жетуді көздегенін анықтайды; одан кейін сабаққа қажет құралдар айқындалады – олар мұғалімге мақсатқа жетуге көмектеседі, онан соң амал, әдіс, тәсіл анықталады – олар мақсатқа жету жолындағы мұғалімнің іс-әрекеті. Сабаққа қойылатын көптеген талаптар жүйесі бар, оның ішіндегі негізгісі – сабақта білімділік, тәрбиелілік және дамытушылық функцияларды жүзеге асыру.
Ескер!
*Сабаққа қойылатын талаптар жүйесі туралы, сабақтың логикалық, психологиялық және ұйымдастыру түрлері туралы, сабақ типтері мен құрылымы туралы толығырақ А. Е. Абылкасымова « Современный урок» Алматы «Ғылым» 2003; Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова. Педагогика, Дарын Алматы 2004; Т. Сабиров. Оқыту теориясының негіздері, Алматы., 1992; Ж. Қоянбаев,
Р. Қоянбаев. Педагогика. Астана., 1998. т.б. еңбектерден оқи аласыздар.
Әр сабақ оқыту принциптеріне негізделіп құрылады. Сабақ – оқыту процесіндегі жүйенің бөлігі болғандықтан, оның мазмұны үш деңгейде меңгеріледі:
қабылдау, түсіну, еске сақтау деңгейі
білімді үлгі бойынша қолдану деңгейі
жаңа жағдайда, тәжірибеде білімді қолдану деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |