Ф.Гегель: « әдіс – мазмұнның қозғалысының формасы» деген.
Т. Огородников. П. Н. Шинберев (1946)
«Мұғалімнің оқушылардың саналылығы мен белсенділігіне сүйене отырып, білім, дағды, іскерлікпен қаруландыратын құралдары мен жолдарын – оқытудың әдістері деп атаймыз»
«Оқыту әдістері – ол оқушыларды білмеуден білуге алып жүретін педагогикалық процестегі жол»
«...Оқушылардың білмеуінен білуіне, үйренуіне, дағдылануына, ақыл-күшінің, қайратының дамуына мұғалімнің жетектейтін жолы»
М. Н. Скаткин.
Сорокин Н. А.: «Оқушы тұлғасының дамуына, тәрбиеленуіне, білім алуына байланысты міндеттерінен туындайтын теориялық және практикалық тұрғыдағы формаларын – оқыту әдістері дейміз»
Оқыту әдістері – оқытудың мақсат – міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал - тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс - әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал - тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Оқу құралдарына оқу кітаптарын, көрнекі және техникалық құралдар жатады.
Оқу кітаптары – оқулықтар, оқу - әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептер жинағы, т.б.
Көрнекі құралдар – кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық – географиялық карталар, т.б.
Техникалық құралдар – үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер, т.б.
Л.Н. Толстой: «Қандай мұғалім болмасын, әдістерді неғұрлым көп білуге тырысуға, оларды көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті. Оқушының сабақ түсінуіндегі қиыншылығының қандайын болса да, оны оқушының кемшілігі емес, қайта өзімнің сабақ оқытудағы кемшілігім деп қабылдауға тиісті. Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті».
Достарыңызбен бөлісу: |