Педагогиканыњ жалпы негіздері тарауы



бет54/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,08 Mb.
#96990
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   163
Байланысты:
855b4653-98e6-4ba2-b1d4-a699e763ee35

Артық етпес білгенің...
Мүшел жас дегеніміз – (13, 25, 37, 49 т. т) адам ғұмырының сапалық ауысым жылдары. Олар адам ағзасының қазіргі таңдағы медицинада белгілі болған гармондық жүйесінің жаңару кезеңдерімен тұспа-тұс келеді. 13 жас – жыныстық кәмелеттің басталуы, 25 жас бой өсіретін гормонның тоқталуы, 49 жас ұрық қабілетінің азая басталуы...
Жаңа мүшелге келгенде адам қауіпті жастан аман өту үшін саналы түрде қауіп-қатерден сақтанып жүреді. Мүшелді жастан өту – ескінің өліп, орнына жаңаның пайда болуы сияқты мифологиялық үндестікпен ұштасқан. Өмірді осылайша әр мүшелге бөліп есептеу дәстүрлі мәдениеттің көптеген жақтарын қамтыған. Мүшел жас адамның құндылық мәртебесін, оның әлеуметтік орынын, тәртіби дағдысын, үлкендермен, кішілермен және тең құрбыларымен өзара қарым-қатынастағы мінез ұстамдығын, әр жастағы адамдар тобына деген міндет, құрметін айқындайды.
Әр жастағы адамдар тобына байланысты ереже мынандай: жасы үлкендерге сөзсіз бағыну, ізет, құрмет көрсету. Мұның өзі үлкендердің жастардың алдындағы жауапкершілігін, қамқорлығын қамтамасыз етеді. Үлкендер мен кішілердің арасындағы қарым-қатынастың қыр-сыры тек жастар мен ересектердің арасында ғана емес, оның әр тобының өз ішінде де қалыптасқан. «Үлкен», «Кіші» деген тәрбиелік жүйенің айқын белгіленген өзіндік құндылықтары бар. Жеке тұлғаның бағалану дәрежесі ең алдымен оның жасына қарайды. Және өзара қарым-қатынастың қағидасын солар қалыптастырады. Нақты бір жасы үлкен ағаны сыйламау – жалпы «Үлкенді» сыйламау дейтін идеяның өзін жоққа шығармайтындай қалыпта көрінуге тиіс. Яғни жалқылық арақатынас жалпылыққа нұқсан келтірмеуі керек.
Әр жастағы (мүшелдегі) белгілі топ – әлеуметтік құрылымдағы өз орынымен, өзінің өмір салтымен, қалыптасқан тәрбиелік қағидасымен, өмірге және рухани құндылыққа ие болу құқымен, міндеттер және шектеулермен айқындалады.
Балалық шақ – адамның қоғамның әлі толыққанды мүшесі болып толыспаған шағы. Ол ойын-сауық ортасында алаңсыз өседі, бірақ, отбасында әлеуметтік ереже тәртібін үйренеді. Ата-ананы, ағайын-туғанды сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет тәрбиесі адамға сол бала жасынан сіңіріледі. Көшпенділік, рулық қауымдастықтың ерекшеліктеріне сай бала үлкендердің өмірінде не болып жатқанын көріп, естіп, біліп өседі. Алайда оның ересектер өміріне араласпауы тиіс. Әлі күнге дейін қазақтар қонақ шақырғанда балаларды дастархан басына, үлкендердің сөздеріне араластырмайды.
Жастық шақ – құрбылармен емін-еркін ойнап күлетін дер шақ. Бірақ бұл балалар сияқты мәнсіз, беталды ойын емес, әлеуметтік өз орнына талпынған салт мәртебесі. Жастардың үлкендермен қарым-қатынасы қауымдастықтың өзі жол берген тек қана «еркін», зілсіз әзіл-қалжыңмен ғана шектелмек. Бұл «еркіндіктің» өз қалыбы, шектелу мен шегі және нысабы бар. Қыз бен жігіт арасындағы некелесу топтарының тәрбиелік қағидатына да негіз болатын солар. «Еркіндік» тәртібінің шектелуінде көне дәстүр-салттардың нышаны байқалады.
Күнделікті тіршілік күйбеңіндегі еңбекке деген кәсіби шеберлігін жетілдіре жүріп олар ру қауымдастығының өміріне де белсене араласады. Ұлттық ойындар мен жарыстарға қатысып, сайыстарға түседі. Дәстүрлі салттармен жиын-той кезінде үлкендерге қызмет етеді. Бұл жас адам өзінің өміріндегі ең елеулі оқиғаларын бастарынан кешеді. Ол үйленеді. Некелесу қыздар үшін тек «еркін» жастықтың аяқталуы ғана емес, келесі мүшелдің тобына қосылуы. Одан әрі ру, әулеттің жаңа ұрпағын жалғастыру міндеті тұр...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет