Российская педагогическая энциклопедия В 2 т.М., 1993 тл. С 157
Көп жасау, дененің саулығы, бақытты болу-адамның өз қолындағы іс. (А.Кирхенштейн).
: «Тәрбие негізі-ғылым, даналық негізі – білім» халық даналығы
Артық етпес білгенің... Бастауыш саты - оқушыда, оның интеллектісі дамуының іргетасы - оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылады. Осы тапсырма түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіптеп, оның белгілі бір бағытта жүйелі "арнамен жүруін" қамтамасыз етеді; жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістері қалыптасып, ырықты зейін, рефлексия, өзін-өзі бақылау, әрекет-амалдың ішкі жоспары сияқты жаңа түзілімдер пайда болады. Оқу-тәрбие процесінде оқушының жүйке жүйесі, мінез-құлқы, қабілеті маңызды роль атқарады. Нерв жүйесінің типтік қасиеттері адамның мінез-құлқының, темпераментінің, қабілетінің табиғи негізін құрайды. «Жібекті түте алмаған жүн етеді», демекші баланың бойындағы бар жақсы қасиеттеріне сүйене отырып, ынталандыра отырып, жағымсыз жақтарын тәрбиелеуге ұмтылу керек. Демек, әр баланың ерекшелігін құрметтей отырып, оны оқу-тәрбие барысында ескере білу мұғалімнің көрегенділігі мен шеберлігін көрсететінін ұмытпауымыз керек.
Балалық. Жастық. Есею мен қартаю. Бұл қазақ қоғамының әлеуметтік өмірінің тұтқасы болған ғаламат өмірлік қайталама. Қазақ күнтізбегінің заңы бойынша бәрі де қайта оралып отырады. Ұлттың ұлағаттық жады да толық мәнінде қайтып оралады. Уақыттың қайталама кезеңдерінің эволюциялық өрлеуіне сәйкес неғұрлым жетілген, жаңарған түрде білім мен сана да қайтып оралады. Сөйтіп мүшелдер қайталамасы шетсіз-шексіз жалғасып, дами бермек... А. Мұхамбетова