П рактикалық сабақ
Балаға зиян келтірмей оқытып – тәрбиелеу – туралы педагогикалық заңдылықты бәріміз білеміз. Өзіңде бар биологиялық заңдылықтар туралы, психофизиологиялық өзгерістер туралы түсініктеріңді, естіген – білген білімің мен тәжірибеңді пайдалана отырып ,балалар тәрбиесіне байланысты тиымдар (табу), яғни бала денсаулығына, дамуына кесел келтірмеу мақсатында дәлелдеуді қажет етпейтін қысқа тезис – аксиома түрінде ережелер құр.
«Өзін - өзі тану» деген түсініктен бастап «өмірдің мәнін іздеу» деген түсініктерді бір-бірімен байланыстыратын логикалық тізбек құр.
Тарихтан, әдебиеттен, өмірден «Тәрбиесізге берілген білім қауіп... » деген Әл – Фарабидің пікірін дәлелдейтін мысалдар келтір.
«Менің атым Қожа» (Б. Соқпақбаев) повесіндегі Қожаның «Мен» - бейнесін құрып көр. « Мен-бейнесі» адамның өзі туралы, «болашақ мен», «Мұрат – Мен» екенін есіңе саламыз.
Тап осылай Том Сойердің «Мен – бейнесін» құр.
Р. Киплингтің «Маугли» ертегісіндегі Мауглидің адам болып туып, жануарлар ішінде тәрбиеленгендігін білесіздер. Сенің ойыңша оны адамдар ортасында не күтіп тұр?
Г. Белинскийдің «Арыстанның баласы арыстан болып туып, арыстан болып қалыптасады, ал адам баласы олай болуы екі талай» деген пікірін талда.
..1942 жылы 5 тамызда "Жетімдер үйінің"200-дей балалары мен 9 тәрбиешілері сап құрып Варшава көшелерімен келеді. Жетімдер үйінің басшысы Януш Корчак, ұлты поляк болғандықтан гитлершілдердің оның колоннадан шығып, кетуін талап еткенінен бас тартып, екі кішкене ғана еврей балаларының қолынан жетектеп келеді. Бұл колонна өлім лагері Треблинкиге айдалып келеді.Ал еврей болғандығы ғана үшін өлімге беттеген колонна үстінде үміттің символы болып табылатын жасыл мата үстіндегі алтын түсті төрт жапырақты сабақ бейнеленген ту желбіреп барады...
...Олардың қаза болған жерінде "Януш Корчак және балалар" деп
жазылған тас тұр...
Поляк ағартушысы Януш Корчак: «Баланың өзі қатыспайынша, тәрбие жүзеге аспайды»...
«Баланың білместігін құрметтеңіз...»
Януш Корчак
1878-1942
Януш Корчактың «Баланы қалай сүю керек» деген еңбегін оқып, өз позицияңды анықтап, дәлелде. "Тек сөзбен емес, іспен сүйе біл"деп тұрған жоқ па, Корчак?
9.Төмендегі түсініктерге анықтама беріп, оны өзіңнің педагогикалық сөздігіңе жазып қоюды ұмытпа!
заңдылық
жеке тұлғалық ерекшеліктер
қажеттілік
құралдық – манипулятивтік іс-әрекет
с южеттік – рольдік ойын
темперамент
10.«Мен кіммін?»
«Менің жетістіктерім»
«Менің кемшіліктерім» деген сұрақтарға ойланып, таблица құр (өзің үшін)
Осылайша үнемі өзіңді тануға ұмтылуға болады. Өзіңді таныдым дегенің - өзіңді тәрбиелеймін дегенің.
11.Әрбір жас кезеңіне «жас ерекшелік педагогикалық психология» оқулығынан конспект жаса.
Әсіресе бастауыш сынып оқушыларының жас және дара ерекшеліктері туралы кеңірек білуге ұмтыл.
12.Мына жұмбақты шешіп көр:
10 ит, 20 қасқыр, 30 жолбарыс, 40 қабан, 50 ешкі, 60 өгіз, 70 тұсау, 80 көсеу, 90 томар және 100 жұмыртқаның бірлігі деген нені білдіреді?
Шешуі: Бұл сандар және жануарлар мен заттар адамның әр жас кезеңдеріндегі мінезіне сипаттама болып табылады. Бала он жасқа дейін еш нәрсе ойламайды, олар ит секілді ойнап, қаңғып жүре береді.
20 толған жігіт өте батыл, көзсіз ерлікке бейім, қорықпай, өзгеге қасқырдай шабады. Бұл кезде ол өзінің мүмкіндігін аса артық бағалауы да мүмкін.
30 жаста адам күштілігімен бірге жолбарыстай өте сақ, айлалы , ,білдірмей тап береді...?
Әрі қарай К. Ж Қожахметованың «Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика». – Алматы «Ғылым», 1998. 221, 222 беттен жауаптың жалғасын табасыздар
Жастығым өттi деп не керек уайым ғып.
Жiгiттiк дегенiң — қарттыққа дайындық.
Жылама, ағайын, жастығым тәмам деп,
Жыла сен, қарттыққа дайындық жаман деп.
ӨЗІҢЕ БІР АДЫМ
( практикалық жұмыс)
Достарыңызбен бөлісу: |