Өзің туралыкітап жаз Ол үшін сен өзің туралы үшінші жақта жазасың. Бұл саған өзің туралы көбірек білуге және түсінуге көмектеседі. Мұндай мәтін адам өзін толық және қорқынышсыз көрсетуіне жол ашады. Бұдан бөлек сен өз арманыңды ашық жеткізіп, оны орындалғандай етіп есептейсің. Кейде бұл өз дегенімізге жетуге көмектеседі. 1. Өзіңді және өміріңді суретте. Сен өзің қандайсың, қандай отбасында , қайда тұрасың. Кайда оқисың, кіммен араласасың, нені ұнатасың, нені ұнатпайсың, өзіңе не тілейсің, ...-бәріне жақын досыңның көзімен қарап отырғандай елестетіп жаз. Мысалы, Жазира Атырауда тұрады. Оның шашы қара, көзі де мойылдай, сұңғақ, жіңішке қыз. ..
Қаласаң, сурет сал .
2. Өзіңе әңгімелесетін адам тап. Оған сырыңды хат етіп жаз.
Ақыл сұра . Сол адам болып өзің «оған» жауап бер.
Өзіңнің сезіміңді суретте.
3. Күнде жеткен жетістігің мен кемшілігіңді бір парақты қақ жарып екі жағына тізіп жаз. Қайсысы көп? Неліктен? Не істеу керек?
4.Жоспар құр. «Менің кемшілігімді түзету жоспары.»
Көмекші адамдардан ақыл сұра. Өзіңнің жақсы қасиеттеріңнен «ақыл сұра» олар не дер еді?
5. «Мен өзімді жақсы көремін!» деген ойды бар денеңмен сезінуге тырыс. Өзіңе комплимент айт, айнаға күлімсіре, бар денеңе рахмет айт.
Өзің жайлы ұнамды ой сенің нашар қасиетіңді жеңуге көмектеседі.
Сені не нәрсе бақытты етер еді?
Соған жетесің!
Ол үшін ерінбе, белсенді бол! Жоспар құр! Мақсат қой! Ізден! Іске кіріс