Бақылап – зерттеу – заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылап – зерттеуге, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылап – зерттеу шарттары, сондай- ақ бақылап – зертттеу құралдары – видеоаспаптар, аспап құралдар мен өлшеу құрал – саймандары.
Зерттеу барысында бақылап – зерттеу түрлерінің әр алуан жіктемесі ажыратуға болады:
— тікелей бақылап – зерттеу, мұғалім зерттеуші оқу – тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелейкуәгер бола тұра бейтарап адам; мұғалім зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілерретінде кіргізілуі. Оның рөліне байланысты эмпирекалық фактілерді жинақтудың техникасы мен әдісі таңдалоып алынады;
— жанама бақылап – зерттеу, ол тікелеу бақылап — зерттеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;
— жасырын немесе елеусіз бақылап зерттеу тұйық теледидар және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі.
Оқушылар мен мұғалімдердің бір бірімен оңаша кездегі мінез – құлқы оларды бөтен біреулер бақылап отырған мінез – құлқынан әлдеқайда өзгеше болады;
— үздіксіз бақылап – зерттеу оқыту процесін, екі – үш оқушыны сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс – оқу – тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез – құлқын зерттеу үшін қолданылады;
— дискретті бақылап – зерттеу объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылап – зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап – зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;
— монографиялық бақылап – зерттеу бір адамды немесе бір затты бақылау кезінде қолданылады;
— бір затты бақылап – зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап – зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде, қолданылады;
— бақылап – зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады.