Тағы бір, соңғы белгі – терминологияның бір мәнділігі. Бұл ғылыми қағидаға қойылатын міндетті талап. Оның дамуы барысында түсініктер үнемі байып отырады, бағыттарға бөлінеді. Бұл заңды үдеріс. Бір ғылыми еңбектің – дипломдық жұмыс, диссертация, монография, мақала сияқты еңбектерінде – автор басты ұғымдарды дұрыс анықтауға және зерттеудің аяқталғанына дейін соны басшылыққа алуға тиіс.
Технология дегеніміз – кез-келген іс-әрекетте қолданатын әр түрлі әдістер мен құралдардың жиынтығы
Педагогикалық технология ̶ оқу үдерісін жүзеге асыратын мазмұнды құрал.
Педагогикалық технология құрылымы:
Оқу үдерісін ұйымдастыру;
оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі әдістері мен құралдары;
материалды меңгерту барысында ұстаздың қызметі;
оқыту үдерісінің диагностикасы
Педагогикалық технологиялардың жіктелуі. Дәстүрлі технологииялар
Инновациялық технологиялар
Инновациялық технологиялардың
4 критерийі:
Педагогигикалық технология негізінде оқушылардың іс-әрекетін белсендіру және қарқындату;
Баламалы технологиялар;
Табиғи технологиялар;
Дамыта оқыту технологиялары.
Педагогигикалық технология негізінде оқушылардың әс-әрекетін белсендіру және қарқындату
Ойын технологиялары;
Проблемалық оқыту технологиясы;
Модульді оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов);
Деңгейлік саралау технологиясы;
Жекелеп оқыту технологиясы
(Инге Унт, А.С.Границкая, В.Д.Шадриков);
Бағдарламалық оқыту технологиясы;
Ақпараттық оқыту технологиясы;
Интербелсенді технологиялар (дискуссия, дебат, жарыс);
Зияткерлік тапсырмаларды шығару технологисы (ЗТШТ).
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл білім алушыға ақпаратты дайындау және беру үдерісін компьютер арқылы жүзеге асыру құралы.
АТ қолданудың бірнеше түрлері бар: от сабақты демонстрациялаудан қашықтық білім беруге дейін.
Ақпараттық технологиялар гипермәтін мен мультимедианы, бағдарламалық тестілеу және бақылау, имитациялық оқыту, демонстрациялау үдерісін қамтиды.
Кейс-технологиясы білім алушыға оқу-әдістемелік кешен түрінде берілген ақпараттық білім ресурстарын әр түрлі ақпарат тасымалдауыштарды қолданып өз бетімен (кейстер) пайдалана алуға мүмкіндік береді. Телекоммуникациялық құралдар білім алушы, оқытушы және топ мүшелерінің байланысын, сондай-ақ оларды қосымша ақпараттық ресурстармен қамтамассыз ету үшін қолданады. Жеке және топ ішінде өткізілетін ашық сабақтарға (консультацияларға) елеулі рөл беріледі, оларды арнайы дайындалған оқытушы өткізеді.
Модульдік оқыту — оқу ақпаратын блокты-модульді негізде ұсынып, оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілі
I модуль – Негізгі сұрақтар мен ұғымдарды мұғалімнің ауызша баяндауы;
II модуль – өзіндік және тәжірибелік жұмыстар. Оқушылар әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау арқылы тақырыпты ашады. Сабақтың бұл кезеңінде -практикумдар, семинарлар, ойындар өткізіледі;
III модуль – тақырыпты қайталау және қорытындылау;
IV модуль- тақырып бойынша оқушының білімін бақылау.
Инновациялық білім беру үрдісінің негізінде педагогиканың екі басты мәселесі жатыр:
-педагогикалық тәжірибені зерттеу;
-психология мен педагогика ғылымының жетістіктерін тәжірибеге жеткізу.
Білім берудегі инновациялық үдерістің нәтижесі - теориялық және тәжірибелік жағынан жаңалықтарды қолдану. Білім беру жүйесінде инновация білім беру мақсатына жаңалықтар енгізу, жаңа мазмұнды тәсілдер мен тәжірибелер, білім беру формаларын қайта жасауды, жаңа педагогикалық жүйені енгізу және таратуды, мектепті басқарудың жаңа технологияларын дамытуды жобалайды.
Олардың дамуы екі факторға бөліп қарастырылады: объективті факторлар – инновациялық әрекеттің қарқынды дамуына жағдай жасау және оның нәтижелерін қабылдауды қамтамасыз ету; субъективті факторлар – инновациялық үдеріс субъектісімен тығыз байланысты. Инновациялық үдеріс субъектілеріне ғалым-педагогтар, мұғалімдер және білім беру саласында инновацияға бағытталған әрекетпен айналысатын қызметкерлер жатады.
«Инновациялық әрекет» түсінігінің мазмұны мен педагогикалық әрекеттің инновациялық бағыттылығының мәні. Әдетте, бұл - түсінік инновациялық үрдіс әрекет субъектілерінің – зерттеушілердің, әдіскерлердің, техниканы басқарушы мамандардың, инновацияның таралуына және құрылуына қолайлы жағдай жасайтын мамандардың әрекет жиынтығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |