Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Педагогтерге біліктілік санатын беру рәсімінсіз біліктілік санатын беру тәртібі



бет6/14
Дата15.12.2021
өлшемі111,21 Kb.
#100804
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
192 бұйрық-конвертирован (1)
192 бұйрық-конвертирован (1), Математика 2-сынып 4-тоқсан №1 (105-сабақ), 2-сынып Әдебиеттік оқу 1-сабақ 06.04, Антибиотики (1)

3-параграф. Педагогтерге біліктілік санатын беру рәсімінсіз біліктілік санатын беру тәртібі


  1. Жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмысқа алғаш рет қабылданғанда " педагог-модератор" біліктілік санатын алу үшін ұлттық біліктілік тестілеуі теріс нәтиже көрсетсе, "педагог" біліктілік санаты беріледі.

  2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орнын "үздік" бітірген адамдарға "педагог-модератор" біліктілік санаты ұлттық біліктілік тестілеуінен өтпей беріледі.

  3. "Болашақ" бағдарламасының түлектері болып табылатын адамдарға, сондай-ақ Президенттік кадрлық резервке енген адамдарға, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқу үшін ұсынылған тізімге кіретін шетелдік жоғары оқу орындарының түлектеріне жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінсіз "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты беріледі.

  4. "Педагог-модератор" біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:

ағылшын тілі бойынша: IELTS - 6,5 балл; TOEFL - 60-65 балл; француз тілі бойынша: DELF - С1;

неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С1 менгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі.

"Педагог-сарапшы" біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:

ағылшын тілі бойынша: IELTS - 6,5 балл; TOEFL - 66-78 балл; француз тілі бойынша: DELF - С1;

неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С1 менгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі.

"Педагог-зерттеуші" біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:

ағылшын тілі бойынша: IELTS - 7 балл; TOEFL - 79-95 балл; француз тілі бойынша: DELF - С2;

неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С2 менгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі.

"Педагог-шебер" біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:

ағылшын тілі бойынша: IELTS -7,7 балл; TOEFL - 96 - 110 балл; француз тілі бойынша: DELF - С2;

неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С2 менгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі.


  1. Жоғарыда аталған сертификаттары жоқ шет тілдерінің педагогтері біліктілік санатын беру рәсімінен жалпы негізде өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет