Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы


-тарау. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру тәртібі



бет3/14
Дата15.12.2021
өлшемі111,21 Kb.
#100804
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
192 бұйрық-конвертирован (1)

2-тарау. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру тәртібі


  1. Біліктілік санаттарын "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" ( Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 наурызда жарияланған) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен (бұдан әрі - № 83 бұйрық) бекітілген комиссия (бұдан әрі - Комиссия) береді.

  2. Мәлімделген біліктілік санатына сәйкестігіне біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін жүргізу үшін сараптамалық кеңес құрылады:

"педагог-модератор" біліктілік санаты үшін - білім беру ұйымының деңгейінде ұйымдастырылатын сараптамалық кеңес, құрамында: білім беру ұйымының жоғары білікті педагогтері, білім беру саласындағы қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері;

"педагог-сарапшы" біліктілік санаты үшін - қала (аудан), облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, білім беру саласындағы уәкілетті орган ( республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органы деңгейінде ұйымдастырылатын сараптамалық кеңес, құрамында: әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, білім беру ұйымдарының, қаланың ( ауданның) жоғары білікті педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, білім беру саласындағы қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері;

"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты үшін - облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, білім беру саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органы деңгейінде ұйымдастырылатын сараптамалық кеңес, құрамында: әдістемелік кабинеттердің ( орталықтардың) әдіскерлері, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру ұйымдарының, республикалық ведомстволық бағынысты

ұйымдардың жоғары білікті педагогтері, тиісті саланың уәкілетті органының, біліктілікті арттыру ұйымдарының, білім беру саласындағы қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері;

"педагог-шебер" біліктілік санаты үшін - облыстың, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, білім беру саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органы деңгейінде ұйымдастырылатын сараптамалық кеңес, құрамында: әдістемелік кабинеттердің ( орталықтардың) әдіскерлері, облыстың білім беру ұйымдарының жоғары білікті педагогтері, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органы, білім беру саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органы басшысының бұйрығымен бекітілетін біліктілікті арттыру ұйымдарының, қамқоршылық кеңестердің, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері.


  1. Сараптамалық кеңестің құрамына сараптамалық кеңестің төрағасы мен мүшелері кіреді. Сараптамалық кеңес мүшелерінің тақ санынан, бірақ кемінде бес адамнан тұрады.

  1. Комиссия осы Қағидаларға

1-қосымшаға

сәйкес нысан бойынша біліктілік



санаттарын беруге (растауға) педагог портфолиосын қабылдау-табыстау актісі бойынша материалдарды сараптамалық кеңеске жылына екі рет (ағымдағы жылдың 15 мамырына және 15 қарашасына дейін тиісінше) жібереді.

  1. Сараптамалық кеңес осы Қағидаларға

3-қосымшаға

сәйкес нысан бойынша



бақылау парақтарын ескере отырып, осы Қағидаларға

2-қосымшаға

сәйкес нысан


бойынша біліктілік санаттарын беру (растау) үшін педагогтердің портфолиосын бағалау өлшемшарттарына сәйкес біліктілік санаттарын беру (растау) үшін педагогтердің портфолиосын қарайды және бағалайды.

  1. Сараптамалық кеңес осы Қағидаларға

  1. қосымшаға

сәйкес нысан бойынша

біліктілік санаттарын беру (растау) үшін педагогтердің портфолиосын бағалау парағын

және осы Қағидаларға

  1. қосымшаға

сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылдың 15

маусымына және 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде Комиссияға біліктілік санатын алу үшін педагог қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалық қорыту жөніндегі ұсынымдарды жібереді.

  1. Әрбір педагог бойынша біліктілік санаттарын беру (растау) үшін сараптамалық кеңес сәйкестік немесе сәйкессіздік туралы ұсынымдар шығарады.

  2. "Педагог" біліктілік санаты тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдарға, сондай-ақ жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, қайта даярлау курстарынан өткен, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдарға беріледі:

оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін біледі; оқу-тәрбие процесін білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарлайды және ұйымдастырады, білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады, кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын меңгерген, сандық білім беру ресурстарын қолданады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет