Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениеті



Дата12.10.2023
өлшемі14,1 Kb.
#184879
Байланысты:
хб 1 тапсырма сро

1-тапсырма


”Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениеті” тақырып бойынша глоссарий.
1:Педагогика – адам тәрбиесі жайлы ғылым.
2:Педагогикалық үрдіс- оқу мен тәрбие бірлігі арқасында орындалатын білімдену мақсатынан оның нәтижесіне қарай болған іс-әрекет,ілгері қозғалыс.
3:Құндылық – кез келген индивид, топ, ұжым, этнос, т.б. үшін өмірлік маңызы жоғары материалдық немесе рухани нысаналар.
4:Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіндік адамгершілік сапаларды қалыптастыру бойынша тұлғаның саналы іс-әрекеті,бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы.
5:Шығармашылық – жаңа сапалы материалдық және рухани құндылықтарды жасаудағы адамның іс-әрекеті.
6:Профессиограмма – маманның кәсіби даярлығына қойылатын талаптар жүйесі; мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
7:Педагогикалық іс-әрекет - педагогикалық процесте жас ұрпақты оқытып,тәрбиелеп,дамытуға,өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет.
8:Рефлексия – адамның өзін-өзі зерттеуі, түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтаны жайлы өзін бағалауы.
9:Симпатия – бір адамның екінші адамға оң,жағымды көзқарасының қалыптасуы.
10:Эмпатия – мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның орнына қоя алуы.
11: Субъектілік компонент - мұғалімнің мақсат қоя білушілік, шығармашылық және өзін дамыту барысында өзіндік диагностиканы, өз ісіне талдау жасай отырып, өзіне сыни тұрғыдан қарай алу шеберлігі.
12: Педагогтың кәсіби құзыреттілігі - педагогикалық іс-әрекетті атқару үшін оның теориялық және практикалық дайындығы және профессионализімі.
13:Мұғалімнің коммуникативтік мәдениеті - бұл оның кәсіби қызметі мен міндетінде, әлеуметтік- педагогикалық іс-әрекетінде жеке дара шығармашылық пен ізгілендіру бағытындағы көрінісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет