Педагогтың кәсіби қызметіндегі психологиялық-педагогикалық диагностика


Диагностикалық әдістердің бірнеше түрлері бар



бет20/22
Дата07.02.2022
өлшемі81,08 Kb.
#96848
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Тәжірибе № 1

Диагностикалық әдістердің бірнеше түрлері бар:
Бақылау – анықталған құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген мәселелерді( бірліктерді, көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні бір жүйе бойынша қабылдау. Практикалық психологиядағы бақылау – клиенттің психологпен қарым- қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез- құлқын мақсатты, жүйелі түрде қабылдау.
Әңгімелесу – психологтың сыналушымен серіктес қарым- қатынасының барысында сыналушы тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алу тәсілі. Бұл әдіс психологиялық көмек көрсету кезіндегі терапевттік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесу барысында клиент сезінген эмоциялы күйлерге ену, сезіну арқылы клиент тұлғасын және оның сөздері арқылы алынған ақпараттың барлығын сынамай қабылдайды, яғни түсіну қабілетіне негізделген эмпатиялық тыңдау әдісі қолданылады.
Практикалық психологтың іс - әрекетіндегі психодиагносикалық әдістер клиенттің қиын мәселелерін анықтауға бағытталған. Осы мақсатта стандартталған және тереңдетілген сұхбаттасу, бақылау, өзіндік бақылау, тесттер, проэктивті әдістемелер, рөлдік ойындар қолданылады.
Диагностикалық әдістер психокоррекция мен психотерапия арқылы белгілі болған мәселенің нәтижелерін бағалауда да жәрдемдеседі.
Диагностикалық үрдістер практикалық психологияның әр түрлі бағыттары мен мектептерінде қолданылады. Әрбір мектеп клиенттің проблемаларын, оларды шешудің мақсаттары мен мүмкіндіктерін өз бетінше ерекше бағытпен шешеді.
Сұхбаттасу практикалық психологияның барлық мектептерінде әртүрлі варияцияларда қолданылатын негізгі диагностикалық міндетті құрал. Сұхбаттасудың клиент жайлы ақпаратты жинауда қолданылатын сызба – нұсқаны қарастырып көрейік. Сызбада клиенттің шағымына байланысты мәліметтердің тізімі бар.
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПРАКТИК ПСИХОЛОГТЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Балалар психологының негізгі қызметтерінің түрлері мыналар: психологиялық ағартушылық, психологиялық профилактика, психологиялық кеңес беру, психологиялық диагностика, психологиялық коррекция.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет