Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты
білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді.
Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса,
оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында
тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше
көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылық-белгілі сала бойынша
жан-жақты хабардар, білгір деген
мағынаны қамти отырып, қандай да
бір сұрақтар төңірегінде беделді
шешім шығара алады дегенді білдіреді.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізгі шарттары:
- Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.
- Қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.
- Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
- Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
- Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі
- Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
К.Құдайбергенова құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазған. Кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер — мұғалімнің, жаңашыл — мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады. Бірінші кезекте мұғалімнің «өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы, өзіндік іс — әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.
Методикалық терминдер сөздігінде» «Құзыреттілік – қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», – делінген. Дұрыс ұйымдастырылған әдістемелік пен оның кәсіби дамуға бағытталған жұмыстары ғана жаңашылдық кепілі болады.
Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым деп көрсеткен К.Құдайбергенова. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс» белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз — педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау педагог қызметінің мәнін, мазмұнын, құрамдас бөліктерін, түрлері мен функцияларын анықтауға арналған диссертациялардың, монографиялардың, оқу басылымдарының және т.б. санының жеткілікті екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
«Педагогикалық сөздікте» педагогикалық іс-әрекет «оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамыту және өзін-өзі дамыту және еркін және шығармашылық даму мүмкіндіктерін таңдау үшін біртұтас педагогикалық процесте оңтайлы жағдайлар жасауға бағытталған қызмет» деп түсіндіріледі.
Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіне әсер ететін өзгерістердің контексі тек уақыт пен әлеуметтік тапсырыстың талаптарымен ғана емес, білім беру саласындағы стратегиялық құжаттармен де белгіленеді. Кәсіби қызметтегі өзгерістерді анықтайтын факторлардың бірі жалпы білім берудің федералдық мемлекеттік білім беру стандартын енгізу жағдайында мұғалімнің құзыретіне қойылатын жаңа талаптар болды. Стандарттың жалпы құрылымы мен талаптар жүйесіне сәйкес мұғалімде:
- жүйелік-әрекеттік тәсіл логикасында педагогикалық қызметті жобалауға және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әдістемелік құзыреттілік;
Достарыңызбен бөлісу: |