Педагогтың ТҰЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі



бет1/6
Дата12.10.2023
өлшемі0,82 Mb.
#185008
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ПЕДАГОГИКА ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТОМИ

ПЕДАГОГТЫҢ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ

Орындаған:Аманжан Т.Н. КФ-31-21.

Тексерген:Медиева С.Х.

1.Мұғалім тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар


2.Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениеті:мәні,өзгешелігі,өзара
байланысы.
3.’’Құзыреттілік’’,’’құзырет’’,’’құзыреттілі тәсілі’’,’’мұғалімнің кәсіби-педа-
гогикалық құзыреттілігі’’ ұғымдарының мәні
Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық өсуінің қазіргі заманғы формалары

Білім мен тәрбие беру-қиын да қастерлі еңбек.БҰЛ ЖОЛДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТАЛМАЙ,ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕКТЕНІП, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНУДІ,ҮЙРЕНУДІ АСЫЛ МҰРАТЫНА,БИІК ПАРЫЗЫНА АЙНАЛҒАНДА ҒАНА ЖЕТЕ АЛАТЫНЫ СӨЗСІЗ.ШЕБЕР МҰҒАЛІМДЕР ҒАНА ЗЕРЕКТІК ПЕН ЗЕРДЕЛІКТІ СОМДАП,РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ,ӨЗ МАМАНДЫҒЫН ТЕРЕҢ МЕҢГЕРІП,ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚАБІЛЕТТІ,МӘДЕНИЕТТІ, ӨНЕГЕЛІ,ЗАМАН ТАЛАБЫН ҚАНАҒАТТАНДЫРА АЛАТЫН ЖАҒДАЙДА ҒАНА ХАЛҚЫНЫҢ СЕНІМІНЕ ИЕ БОЛЫП ‘’ҰСТАЗ-МҰҒАЛІМ’’ ДӘРЕЖЕСІНЕ КӨТЕРІЛЕ АЛАДЫ.

Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын талаптар:

-қоғамның алдыңғы қатарлы идеаларын игеру;

-жан-жақты білімдарлық өмірдің әртүрлі саласынан хабардар болуы;

-педагогикалық байланысты пәндерден-психиологияны,ЖПП физиология,анатомия,мектеп гигиенасын,мектеп тану пәнін жақсы білуі керек;

-оқытатын пәнін соған байланысты ғылымдарды,олардың жетістіктерін,ағымын жақсы білуі керек;

-жұмысына шығармашылық көзқарас;

-баланы жете білу,олардың жан дүниесін түсіну,педагогикалық сенім оптимизм;

-педагогтік техниканы меңгеру,қисынды,мәнерлі сөйлей білу;

-педагогтік әдептілікті,тактіні меңгеру;

-балаға деген сүйіспеншілік пен әділдік.


Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиында жауапты,шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ,олардың жемісті,әсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі жеңілдіктер жасалып отыруы керек.
Сонымен қатар мұғалімдер сапалы, құнды оқулықтармен,көрнекті дидактикалық,техникалық құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс.Мұғалімдерге қосымша жұмыс атқаруына тыйым салу,заңды түрде аптасына 2 күн демалыс берілуі тиіс.Мұғалім сонда ғана шәкірттерінің өз бетімен білім алуына ықпал етіп,ынталы оқушыға әрдайым ақыл-кеңес бере алады.
Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін мұғалімдер рухани тоқыраудан сақтанып көп ізденуі керек.Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әрбір педагогтің алдында үлкен жауапкершілік тұр.Болашағын қамтамасыз ету әрбір мұғалімнің азаматтық рухани парызы мен борышы
Мұғалім қызметінің табысты болуы-оның өз қызметінің мәнін жете түсінуде,оқушыларға саналы тәрбие,жан-жақты білім береді,олардың көз-қарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады,өмірге, еңбекке,қоғамға деген қарым-қатынасын тәрбиелейді.
Педагогтің кәсіби-құзыреттілігі-өскелең оқыту мен тәрбие көрсеткіші.Міндетті шешу және қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік стандарттарының жасалуы,оқушылардың стандарт деңгейлерінен кем емес білім алуының талап етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін өзгертіп,озық технологияларды қолдануды,мұғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп,олардың оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін,жаңа технологияларын меңгеруін қажет етеді.Ал,жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі-мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіру болып табылады.
Мұғалімнің өздігінше кәсіби білім көтеруі-жалпы мәдениет пен кәсіби тілектерін өтеу,танымдық мүддесін қанағаттандыру мақсатында арнайы жүйелі түрде ұйымдастырылған,жан-жақты,жеке және кәсіби маңызды танымдық қызмет.Бұл мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз байланысты,оның кәсіби өсуі мен педагогикалық қызметінің қорытындысына тікелей бағытталған көпсатылы қызмет болып табылады.Түптеп келгенде,бұл тәрбиеленушілердің жеке тұлға болып қалыптасуына игі әсерін тигізері сөзсіз.
Мұғалімнің өз бетімен кәсіби білім жетілдіруге дайын болуы білім жетілдіру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет пен амалдарды қолдана отырып,өз кәсібі мен тәрбиеленушісіне деген эмоционалды бағалау қарым-қатынасын айқындайтын деңгейі арқылы анықталады.Өзі жеке тұлға болып қалыптасақан адам ғана өзгеден де соны көріп,дамыта алады.ӨФзін маман әрі жеке тұлға ретінде көрсете алатын мұғалім еш уақытта өзінің жақсы қасиет,қабілеттерін саналы түрде дамытып,жетілдіруден жалықпайды.Жеке тұлғаның өз “менің”қалай көрсете білуі,оның қаншалықты саналылығын және жетілу деңгейін байқатады.
Педагогикалық рефлексия-бұл тек өзіне және өзінің іс-әрекетіне баға беру ғана емес,сонымен бірге педагогикалық,қарым-қатынасқа түскен өзге жандардың даөз-өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау,өзін-өзі тану,өзінің әлсіз жақтары мен потенциалдық мүмкіндіктерін аша білу үшін қажет.
Өзіндік талдау жасаудың маңызы мұғалімнің мінсіздікке жетуге ұмтылу факторы ретінде қаралатындығында.Өзін-өзі тексеру деп мұғалімнің өз іс-әрекеті мен жалпы педагогикалық қызмет құбылыстарын салыстыра отырып,өзінің педагогикалық,қызметіне жасаған талдауын айтуға болады. Өз қызметіне талдау жасап отыру мұғалімге қызмет бабында туындап отыратын қызметтерді сезініп,оларды шешудің мақсатқа жеткізер кәсіби жолдарын таббуына көмектеседі.Қиындықтар мұғалімнің дайындық сипатының жеке ерекшелігіне оның кәсіби бағыттылығына,сынып пен жеке балалардың ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық процестің кез келген буында пайда болып отырады.Педагогтың өз бетімен білім жетілдіру қызметі әр түрлі мазмұндық және функционалдық құрамдас бөліктерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет