Педиатрия Лаура,Алтынай,Айдана,Дана Гауһар саттилик


АДС-М – құрамында антигендері төмендетілген адсорбирленген дифтерия-сіреспелік анатоксин. АД-М



бет22/68
Дата23.05.2022
өлшемі4,78 Mb.
#144745
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68
Байланысты:
ГРЛЗ педиатрия

АДС-М – құрамында антигендері төмендетілген адсорбирленген дифтерия-сіреспелік анатоксин.
АД-М-анатоксин (құрамында антигені төмендетілген адсорбирленген дифтериялық анатоксин) тиімділігі жоғары препарат, дифтерияға қарсы егудің толық курсын алған 95% балаларда 7-10 жыл ішінде тұрақты иммунитет қалыптасады.
Акт-ХИБ (Act-HIB). Гемофильді инфекция бала денсаулығы үшін қауіп төндіретін ауру. Эпидемиологиялық зерттеулер бойынша, гемофильді таяқша (Haemophilus influenzae b типті, ХИБ) 5 жасқа дейінгі балаларда іріңді менингиттің себебі болып табылады.
ҚҚП және ҚПҚ. Қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық вирустарының әлсіреген тірі вакциналық штаммаларынан тұратын қабаттастырылған препарат. Сонымен қатар, олар бөлек өсіріледі: қызылша вирусы және паротит тауық эмбрионы культурасында, ал қызамық вирусы адам диплоидты жасушасында.
ПКВ 13 (Превенар -13) Пневмококк (Streptococcus pneumonia) – грамм оң диплококк, полисахаридті капсуламен қапталған. Пневмококтың 90 серологиялық типі белгілі, соның ішінде 20-сы кең тараған және адам үшін қауіпті. Пневмококк әртүрлі бала ауруларының қоздырғышы болып табылады, соның ішінде менингит, пневмония, бронхит, ортаңғы отит, синусит және т.б.
Профилактикалық екпелерді өткізу мерзімдері және енгізу тәсілдері
БЦЖ – туберкулезге қарсы вакцина. Бұл вакцина қатаң түрде иықтың жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөліктерінің шекарасына тері ішіне енгізіледі. БЦЖ вакцинациясы перезентханада бала өмірінің алғашқы 4 күнінде, екпе бөлмесінде, анасының қатысуымен және жазбаша рұқсатынан кейін жүргізіледі. Вакцинация неонатологпен қаралғаннан кейін, жаңа туған нәресте тарихына екпеге рұқсат берілгені жазылғаннан кейін ғана жасалуы керек. БЦЖ вакцинациясы перезентханадан шығару эпикризіне және екпе паспортында жазылады.
Ревакцинация БЦЖ. БЦЖ ревакцинациясы ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес 6 жаста (1 сынып) жүргізіледі.
Оқу жылының алғашқы айында (қыркүйек) барлық 6 жастағы балаларға Манту сынамасы БЦЖ ревакцинациясына іріктеу мақсатында жүргізіледі. Осы айда мектептегі қалған екпелерді жүргізу тоқтатылады. Манту сынамасын қояр алдында ай аралық интервалды сақтау үшін АДС және ҚҚП ревакцинациялары оқу жылына дейін 1 ай бұрын жүргізілу керек.
Ревакцинацияға тек инфицирленбеген, Манту сынамасы теріс сау балаларға жүргізіледі.
Манту сынамасы мен БЦЖ ревакцинациясы арасында интервал 3 күннен кем емес және 2 аптадан аспауы керек. Егер ревакцинацияға уақытша қарсы көрсеткіш болса, медициналық шегеру уақыты аяқталысымен екпе жүргізілуі керек.
ОПВ– полимиелитке қарсы толық иммунитет қалыптастыру үшін ОПВ 4 рет жүргізіледі (2, 3, 4 және 12-15 айларда). Вакцина ауызға тамшылатып беріледі. ОПВ вакцинасынан кейін балаға 1 сағатқа дейін су немесе тамақ ішуге болмайды. Егер вакцина төгілсе, бала вакцинациядан кейін құсып немесе түкіріп тастаса ( 5-10 минуттан кейін), онда вакцинаның тағы бір дозасын беру керек. Егер бұл доза тағы да толық қабылданбаса қайталап берудің қажеті жоқ, балаға қайталап вакцинация тағайындалады.
ВГВ – Вирусты гепатит В-ға қарсы вакцина уақыты бойынша туберкулезге қарсы вакцинамен сәйкес келеді, сондықтан оларды бірге енгізуге болады. Әдетте алғашқы күндері ВГВ, ал 3-4 күндері БЦЖ. Одан кейін ВГВ қарсы вакцинация өмірінің 2 және 4 айында, яғни 3 рет жүргізіледі. Санның жоғарғы бөлігінің беткі бүйір жағына көк етке енгізіледі
АКДС – Ұлттық егу кестесіне сәйкес балаларға 4 рет жүргізіледі (2, 3, 4 және 18 айларда). Бұл вакцина 2, 3, 4 айлық балаларға санның жоғарғы бөлігінің беткі бүйір жағына бұлшық етке, ал 18 айлық балаларға иықтың жоғарғы бөлігінің дельта бұлшық еті аймағына енгізіледі.
Барлық вакциналар бір жасқа дейінгі балаларға тек қана санның жоғарғы бөлігінің беткі бүйір жағына бұлшық етке, ал жастан асқан балаларға және кейбір вакциналар 2 жастан асқан балаларға иықтың жоғарғы бөлігінің дельта бұлшық еті аймағына енгізіледі.
Акт-ХИБ – АКДС вакцинасын жүргізу мерзіміне сәйкес келеді, сондықтан моновакцина түрінде қолдануға болады, сондай-ақ қабаттастырылған вакцина түрінде, яғни АКДС+ Хиб.
АДС – вакцинациясы балаларға 6 жаста, АД-М- 12 жаста, АДС-М – 16 жаста және одан кейін әрбір 10 жыл сайын. Иықтың жоғарғы бөлігінің дельта бұлшық еті аймағына бұлшық етке енгізіледі.
ҚҚП – Ұлттық егу кестесіне сәйкес балаларға 2 рет жүргізіледі (өмірінің 12-15 айларында және ревакцинация – 6 жаста. Иықтың жоғарғы бөлігінің дельта бұлшық еті аймағына тері астына енгізіледі. Бұлшық етке де енгізуге болады. Көк тамырға енгізуге рұқсат жоқ!!!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет