Педиатрия Лаура,Алтынай,Айдана,Дана Гауһар саттилик


Балаларда пиелонефриттің диагностикасы



бет12/68
Дата23.05.2022
өлшемі4,78 Mb.
#144745
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68
Байланысты:
ГРЛЗ педиатрия

Балаларда пиелонефриттің диагностикасы
«Пиелонефрит» – басым лабораторлы диагноз. ПН кезінде науқастың шағмдары да, обьективті зерттеу мәліметтері де спецификалы емес және шатаспалы болуы мүмкін. Анамнез жинаған кезде катаральды көріністерсіз дене температурасының жоғарылауы, зәр шығару бұзылыстарының және ішіндегі немесе бүйіріндегі ауырсыну сияқты симптомдардың болуын анықтайды. Қарап тексеру кезінде көңіл аудару керек:
интоксикация белгілері;
дизэмбриогенез стигмаларына (олардың көп болуы, сонымен қоса жыныс мүшелерінің көзге көрінетін ақаулары туа біткен аномалиялардың болуының жоғарғы мүмкіндігін білдіреді, сонымен қатар зәр шығару жүйесінің);
сыртқы жыныс мүшелерінің қабынулық өзгерістеріне (жоғары көтерілуші инфекция қаупі)
балаларда пиелонефрит кезінде несепағардың бойымен ішті пальпациялау кезінде немесе қабырға-омыртқалық бұрышты ұрғылағанда ауырсыну анықталуы мүмкін.
Алайда, жоғарыда аталған симптомдар спецификалық емес, физикалды тексеру кезінде ештеңе анықталмаса да ол, лабораторлы тексеру жүргізілгенше диагнозды терістеуге мүмкіндік бермейді.
Пиелонефритке күдіктенген баланы тексеру мақсаты:
зәрдің жалпы анализі және бактериологиялық зерттеу арқылы зәр шығару жүйесінің инфекциясын растау (яғни, лейкоцитурия мен бактериурияны анықтау, олардың айқындылығын және уақыт өткендегі өзгерістерін нақтылау);
қабыну үрдісінің белсенділігін бағалау – қанның жалпы және биохимиялық анализі, қабынудың жедел фазасының ақуыздарын анықтау;
бүйрек қызметін бағалау – қан сарысуындағы креатинин және мочевина концентрациясын анықтау, Зимницкий сынамасын өткізу және т.б.;
ауруға бейімдеуші факторларды анықтау – зәр шығару жүйесі ағзаларының визуализациялаушы зерттеулерін өткізу, зәрмен тұздардың экскрециясын анықтау, төменгі зәр шығару жолдарының функционалды зерттеулері және т.б.
Ем мақсаты:
1. Бүйрек инфекциясын жою.
2. Ауруды тудыратын факторларды жою.
3. Бүйрек қызметін қалпына келтіру.
4. Үдемелі нефропатия кезінде нефропротективті терапия.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет