Дəрі-дəрмексіз ем: диета №5, №7 жіті жəне үдеу кезеңінде, қорғаушылық режим.
Дəрі-дəрмектік ем:
1. Ингибиторлы қорғалған аминопенициллины: амоксициллин* + клавулон қышқылы
- 3 айдан - 12 жасқа дейінгі балаларға тағайындалады, 20-40 мг/кг/тəу 3 рет қабылдауға,
- 12 жастан жоғары балаларға – 375-625 мг тəулігіне 3 рет; ампициллин/сульбактамгназначают 50 мг/кг/тəу 2 рет қабыладуға.
2. II-III-IV буынды цефалоспориндер:
- цефотаксим* 1 айдан жоғары балаларға – 50-100 мг/кг/тəу парентералды 2-3 енгізуге;
- цефтриаксон* - 20-75 мг/кг/тəу 1-2 енгізуге, цефоперазон* - 50-100 мг/кг/тəу 2-3 енгізуге;
- цефоперазон* - 50-100 мг/кг/тəу 2-3 енгізуге;
- цефуроксим 10-100 мкг/тəу 2 енгізуге;
- цефепим *– 2 айдан жоғары балаларға 50 мг/кг/тəу 3 рет енгізуге;
- цефаклор моногидрат 250/5,0 немесе капс. 500 мг. 5 жастан жоғары балаларға тағайындалады.
Альтернативті дəрі-дəрмектер:
- аминогликозидтер* ( 7-10 күннен артық емес): нетилмицин* 5 мг/кг/тəу 1-2 енгізуге;
- гентамицин* 3-5 мг/кг/тəу 1-2 енгізуге;
- карбапенемдер: имипенем* 1 айдан жоғары балаларға 60-100 мг/кг/тəу 3-4 енгізуге;
- меропенем* 3 айлық жастан бастап 10-12 мг/кг/тəу 3 рет енгізуге;
3. Ұзақ мерзімді, көптеп антибиотикпен емдеу кезінде микозды емдеу жəне алдын алу үшін 5 жастан жоғары балаларға ауыз арқылы итраконазол ерітіндісі 5 мг\кг\күніне есебінен тағайындалады.
- Негізгі емдік курсының ұзақтығы 14 күн: басында дəрі-дəрмек эмпириялық, содан кейін – флораның сезімталдығы бойынша таңдалады. Антибиотиктер парентералды немесе парентералды + пероралды түрде енгізіледі;
- Зəр анализінің толық қалпына келтірілгенінен соң қолдаушы ем жүргізіледі: нитрофуран -1/3 тəуліктік дозасы, 1 рет түнге карай 2 ай бойы қабылданады.
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Амоксициллин / клавуланат 500 мг / 125 мг, 875 мг / 125 мг; флаконда 500 мл / 100 мг ұнтақ дайындайды, вена ішілік енгізуге.
2. *Цефотаксим 250 мг, 500 мг, 1 000 мг, флаконда, иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.
3. *Цефтриаксон 250 мг, 500 мг, 1 000 мг, флаконда, иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.
4. *Цефуроксим 250 мг, 500 мг, табл.; 750 мг, флаконда, иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.
5. Цефуроксим аксетил - ішуге, суспензия дайындауға араналған гранулалар, флаконда 125мг / 5мл, қапталған таблеткалар 125 мг, 250 мг
6. Цефтазидим – инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, флаконда 500 мг, 1 гр, 2гр.
7. *Цефепим 1 000 мг, иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.
8. *Имипенем 500 мг, амп., иньекцияларға араналған ұнтақ.
9. * Фурагин50 мг, табл.
10. *Итраконазол ауыз арқылы қабылданатын ерітінді 150 мл – 10 мг\мл.
Достарыңызбен бөлісу: |