Бірінші белгілері бойынша бағалау: - Анамнезінде ауытқулар жоқ
-Биологиялық анамнезінде өзгерістер бар
-Әлеуметтік анамнезінде өзгерістер бар.
-Гениологиялық, әлеуметтік және биологиялық анамнезінде өзгерістер бар.
2-ші критерий бойынша бағалау — ағзаның функционалды жағдайы.
-Функционалды жүйелердің қалыптымен салыстыру арқылы анықталады (жүрек соғу жиілігі, тыныс алу жиілігі, артариалды қан қысымының көтерілуі, қандағы гемоглобин) және де тәртіп сипатына қараймыз.
Екінші критерилерді бағалау: - Қалыпты — көрсеткіштер жасына сай, өзгеріссіз.
- Нашарлауы – жастық нормалардың ең жоғарғы немесе ең төменгі шегінде (көрсеткішке байланысты) , тәртібінде аздаған ауытқулар.
- Нашар – көрсеткіштер деңгейі жоғары немесе төмен (көрсеткішке байланысты); тәртібіндегі айқын ауытқулар .
3-ші критерий бойынша бағалау
– организм резистенттілігі мен реактивтілігі .
Баланың алдыңғы қаралу кезіндегі мен қазіргі келіп отырған ауруының арасындағы уақытпен анықталады.
Үшінші кезең критериін бағалау:
Жоғары — жыл ішіндегі жедел аурулар жоқ болуы.
Орташа – сирек ауру ( жылына 1-3 рет)
Төмен — жиі жедел аурулар ( жылына 4-7 рет)
Өте төмен – өте жиі жедел аурулар (3 реттен көп).
4 критерий бойынша бағалау — физикалық және нервті-психикалық дамудың деңгейі мен гормониясы.
Нервті –психикалық дамудың топтар деңгейін анықтау жүктілік кезіндегі негізгі диагностикалық даму линиялары арқылы анықталады.
Төртінші белгіні бағалау:
Қалыпты деңгей – дамудың 1 тобы
Бастапқы ауытқулар – дамудың 2 тобы.
Айқын ауытқулар – дамудың 3 және 4 топтары.
5 критерий бойынша бағалау — созылмалы ауруы және туа пайда болған патологиясы бар.
Педиарт, дәрігер-маман қарауымен, параклиникалық әдістермен анықталады.
Бесінші белгілері бағалау: -Созылмалы ауруы немесе туа пайда болған ақауы бар (ауру)
-Шекаралық жағдайлар анықталған (қауіп тобы)
-Созылмалы ауруы немесе туа пайда болған ақауы жоқ (сау) ;
Қауіп топтары: 1 топ ОЖЖ патологиясы даму қауіпі бар балалар
2 топ құрсақішілік инфекция даму қауіпі бар балалар
3 топ трофикалық бұзылыстар және эндокринопатиялар даму қауіпі бар балалар
4 топ мүшелер мен жүйелердің туа біткен даму ақауы бар балалар
5 топ әлеметтік қауіп
1)ОЖЖ патологиясы даму қауіпі бар балалар.
Анасының жасы 30-дан асқан болса
Анасының жаман әдеттері
Экстрагенитальды патология (гипертониялық ауру, қант диабеті т.б)
Жүктілік және босану патологиясы (гестоз, жүктіліктің үзілу қауіпі, көпсулылық, жылдам және жедел босанулар және т.б)