Педиатрия Лаура,Алтынай,Айдана,Дана Гауһар саттилик


БЦЖ немесе Кальметта—Герен бацилласы



бет21/68
Дата23.05.2022
өлшемі4,78 Mb.
#144745
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68
Байланысты:
ГРЛЗ педиатрия

БЦЖ немесе Кальметта—Герен бацилласы (Bacillus Calmette—Guérin, BCG)- туберкулезге қарсы вакцина, ол жасанды ортада арнайы өсірілген адам үшін вируленттілігін жоғалтқан Mycobacterium bovis BCG, тірі әлсіреген туберкулезді бацилла. Вакцина құрғақ түрде шығарылады. Қолданар алдында стерильді физиологиялық ерітіндімен араластырылады. Егу үшін арнайы тубиркулинді шприц қолданылады (көлемі 1мл).
Полиомиелитке қарсы екі түрлі вакцина бар: ИПВ және ОПВ.
ОПВ тірі әлсіреген вирустан тұрады және ішекте жергілікті иммунитет түзуге қатсысады. Бұл вакцина полиомиелит толық жойылмаған елдерде қолданылады (соның ішінде Ресей және ТМД елдері). ОПВ екрекшелігі: вакцинді вирус егілген баланың ішегінде дамиды кейіннен қоршаған ортаға түседі, ол касакатты «вакцинация» және «ревакцинация» әкеледі, осыған байланысты популяциялық иммунитет дамиды.
ОПВ арзан вакцина және қолданылуы оңай (тамшы түрінде шығарылады, ауызға тамшы ретінде қолданылады).Кемшіліктері көп
ИПВ вакцинасы осы айтылған кемшіліктерден арылған. Вакцина арнайы шприц – доза ретінде шығарылады. ИПВ құрамында өлтірілген полиомиелит вирусы бар, бұлшық етке немесе тері астына еңгізіледі.
ИПВ тиімділігі жоғары деп саналады. Оның тиімділігі дәл мөлшерлеу (себебі тікелей инъекция арқылы) және стандартты сақтау шарттары, температура өзгерістеріне төзімділігі арқылы жүзеге асырылады.
ИПВ қауіпсіз, себебі егілген балалардың жүйке жүйесіне әсер етпейді. Жағымсыз реакциялары жоқ, ішек бұзылыстарын шақырмайды және ішектің қалыпты микрофлорасымен бәсекелеске түспейді.
ВГВ – Бұл вакцина ашытқы жасауша культарасынан жасанды өндірілген, оның құрамына вирусты гепатит В-нің беткей ақузы – HbsAg кіреді. Егуден кейін организмде қорғаныш антидене – AНbs түзіледі.
АКДС – вакцина өлтірілен көкжөтел микробынан, тазаланған сіреспе дифтерия анатоксинінен тұрады. Өкінішке орай, кейбір балалар АКДС екпесіне өте күшті патологиялық реакция береді, соған байланысты дәрігерлер АКДС вакцинациясынан бас тартуы тиіс. Дегенмен, сіреспе және дифтерия ауруларын алдын алудың өмірлік маңызы бар. Сезімтал және әлсіз балаларды инфекциядан сақтау үшін АДС вакцинасы шығарылды. АДС вакцинасы АКДС вакцинасы құрамындағы ең ауыр – инактивирленген көкжөтел таяқшасы компонентінен айырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет