Қайталап- қорыту сабағының құрылымы: І Ұйымдастыру ІІ Оқушыларға сабақтың мақсат-міндетін хабарлау ІІІ Өткенді қайталау және пысықтау ІҮ Білімді жинақтау, қорытындылар мен тұжырымдамалар жасау. Ү Сабақты қорытындылау , бекіту ҮІ Үйге тапсырма беру ҮІІ Оқушылар білімін бағалау Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын тексеру, бақылау, түзету сабағы: Бұл сабақтың көздейтін мақсаты – оқушылардың алған білімдері мен дағды көлемін қандай дәрежеде екенін байқап, тексеру мен қатар оның сапасын бағалау, кемшіліктерін түзету. Білімді тексеру және бағалау жұмыстары күнделікті сабақтар барысында жүреді. Соның барысында оқушыларды оқу материалын терең ұғынуға және меңгеруге мүмкіндік береді. Тексеру және бағалау жұмыстарын жүйелі атқару оқушыларды тегіс қамтып, олардағы білім, білік, дағдыны жетілдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |