Теоретиктер мен практиктердің зерттеулері бойынша қазіргі мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген сабақтың типтері: Теоретиктер мен практиктердің зерттеулері бойынша қазіргі мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген сабақтың типтері: - Аралас сабақ
- Кіріспе сабағы
- Жаңа білімді хабарлау сабағы
- Білім, іскерлік дағдыны бекіту сабағы
- Жаттығу және тәжірибе сабағы
- Қайталап-қорыту сабағы
- Білім, білік,іскерлік, дағдыны тексеру және бақылау, түзету сабағы;
- Зертханалық және тәжірибелік сабақ
Сабақ құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушының бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстары. Сабақ құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушының бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстары. Аралас сабақ Бұл сабақ қазіргі мектептерде кең тараған, көптеген сабақ түрлерінің алдында тұрған міндеттерге сүйенеді, бірнеше сабақтардан құралған, сондықтан оны аралас сабақ дейді. Аралас сабақ мұғалімге қатаң талап қояды. Профессор Р.Г.Лемберг өзінің «Дидактикалық очерктер» деген еңбегінде аралас сабақты ң өзгеше бір вариантын ұсынады. Оның тұжырымдауы бойынша , егер сабақты өткен оқу материалын сұраудан бастаса, уақыттың көбі кетіп, жаңа білімді меңгертуге аз ғана уақыт қалады. Сол себепті де , сабақтың бастапқы кезінде жаңа білімді түсіндіруді бастаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |