Алған білімді бекітпейінше, оны сапалы, әрі берік меңгеру мүмкін емес. Сондықтан білімді бекіту сабағы құрылымы жағынан алуан түрлі болып келеді.Мұғалімнің түсіндіруімен қатар, оқушылар тәжірибелік- зертханалық жұмыстарында тәжірибе жүргізіп, көрнекі құралдарды көрсету жұмыстары қоса атқарылады.Сабақтағы жұмыстардың алуан түріне қарамастан, мұғалімнің сөзі жетекші рөл атқарады.