Пән: Алгебра Қысқа мерзімді жоспар №1-сабак


Қысқа мерзімді жоспар №11-сабак



бет14/33
Дата05.02.2023
өлшемі25,11 Mb.
#167532
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
Байланысты:
11сынып алг 3ток

Қысқа мерзімді жоспар №11-сабак

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар

Мектеп:

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 11

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері және графигі



Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.3.1.14-көрсеткіштік функцияның анықтамасын білу және оның графигін салу;
11.3.1.15-көрсеткіштік функцияның қасиеттерін есептер шығаруда қолдану;

Сабақтың мақсаты:

-көрсеткіштік функцияның анықтамасын білу және оның графигін салады;
-көрсеткіштік функцияның қасиеттерін есептер шығаруда қолданады;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Оқулықпен жұмыс.

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтың басын ұйымдастыру. Мотивация.



Тапсырма№1: /Ұжымдық жұмыс/
Бүгінгі сабақтағы әңгіме тағы да көрсеткіштік функция жайлы болмақ. Оқушылар «GeoGebra» бағдарламасын қолдана отырып ноутбук немесе планшетте y=4x, y= x , y= x , y=0,1x тәрізді бірнеше көрсеткіштік функцияның графиктерін салады.
Мақсаты: Графиктер бойынша функцияның қасиеттерін анықтай білу дағдыларын тексеру.



Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»



Түрлі түсті қима қағаздар


Сабақтың ортасы


Оқушылар өз жұмыстарын ұсынады. Оларға төмендегіше жетелеуші сұрақтар қойылады:
Берілген функциялар бір-бірінен несімен ерекшеленетінін айтыңыздар? (олар негіздерінің әр түрлілігімен ерекшеленеді: а =4, а = , а = , а =0,1.)
Экранда пайда болған графиктерден нені байқадыңыздар? (y=4x, y= xфункциялары өседі, ал қалған екеуі y= x пенy=0,1x кемиді.)
Ал сіздер қалай ойлайсыздар, бұл функциялардың өсуі мен кемуі неге байланысты? (көрсеткіштік функцияның негізі а>1 болғанда функцияның монотонды өсетіні көрініп тұр. а-ның мәні неғұрлым үлкен болған сайын, соғұрлым қатты өсу болады. Ал 0< а<1 болғанда көрсеткіштік функция кемиді.а-ның мәні неғұрлым кіші болған сайын, соғұрлым қатты кемиді.)
Бүгін біз көрсеткіштік функция жайлы білімімізді әрі қарай кеңітетін боламыз. Әсіресе, негізіне қатысты көрсеткіштік функцияның қандай қасиеттерге ие екендігін білетін боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет