Пән: Алгебра Қысқа мерзімді жоспар №1-сабак



Дата18.09.2024
өлшемі424,16 Kb.
#204565
Байланысты:
02.09.алгебраdocx


Пән: Алгебра
Қысқа мерзімді жоспар №1-сабак

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Тригонометрия элементтері

Мектеп:
168 Қ.Қатықбаева атындағы мектеп-гимназия

Педагогтің аты-жөні:

Құлмаханвоа Ұ.Қ

Күні:

2.09.2023жыл

Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

8 - сыныптағы алгебра курсын қайталау Практикум сабағы



Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.2.3квадрат теңдеулерді шешеді;
8.2.2.4Виет теоремасын қолданады;

Сабақтың мақсаты:

Квадрат және квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешу

Сабақтың барысы:

Кезең дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру



Сәлеметсіздерме!
Бүгін, Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеулердің түрлері тақырыптарын қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:
-квадрат теңдеудің анықтамасын білу; -квадрат теңдеулердің түрлерін ажырату

Амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу.
Үй тапсырмасын айту.

Сұрақтарға жауап береді.



белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Оқулық



Сабақтың басы

Анықтама.  ах2 +bх+с=0 
түрінде берілген теңдеу квадрат теңдеу деп аталады. Мұндағы а,b,с -нақты сандар және а=0, ал х-айнымалы. Теңдеудегі а бірінші коэффициентb – екінші коэффициент, с — бос мүше.
b= 0 және c=0 болса, онда ол теңдеу толық квадрат теңдеу деп аталады. Мысалы, х2 -2х-1=0; 3х2 -8х+5=0; 2,1х2 +102,3х+0,8=0;
в немесе с нөлге тең болатын квадрат теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады.
Мысалы, ах2 +bх=0 мұндағы с=0;
 ах2+с=0 мұндағы b=0; 
 ах2 =0 мұндағы b=0 , с=0;
Егер толық квадрат теңдеудегі бірінші коэффициент 1-ге тең (а=1)болсаонда ол келтірілген квадрат теңдеу деп аталады.
x+px+q=0 түрінде жазылады.
Мұндағы p және q -кез келген нақты сандар.
Енді толымсыз квадрат теңдеуінің шешу жолын келтірейік. ах2 +bх=0 мұндағы а=0 теңдеуді шешу үшін ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарамыз. Сонда х(ах +b)=0 х1=0 , х2 = -в/а

Берілген тапсырмаларды орындайды


1-мысал 4х2 -3х=0 теңдеуін шешейік.
х(4х -3)=0 х1=0 ,
4х -3=0 х=3/4 х2 = 0,75
1-мысал.


2-мысал.





Оқушылар
дың белсенділігіне байланысты бағаланады.


Дескриптор:
-квадрат теңдеудің анықтамасын біледі; -квадрат теңдеулердің түрлерін ажырата алады.


Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс.
1. Теңдеулердің қайсысы квадрат теңдеу болады?

  1. 2,5х2 —3х+7=0;

  2. 8-1,3х2=0;

  3. 16х-0,25=0

  4. 19х24+1=0

  5. х2+х – 6,9=0

2. Квадрат теңдеудің коэффициенттерін атаңдар:

  1. 2+5х+10=0;

  2. 11х2—3х—1=0;

  3. -0,6х2+13х—20=0;

  4. х2- -4,5х=0

№3. Егер а,b, c-ның мәндері белгілі болса, онда ах2 +bх+с=0 теңдеуін құрыңдар:
1) а=5, b=2, c=17 5х2 +2х+17=0
2) а=-4, b=0,5, c=1 -4х2 +0,5х+1=0
3) а=6, b=-1, c=0 6х2 -х=0
4) а=— , b=0, c=1,2 — х2 +1,2=0
Сергіту сәті. Логикалық тапсырмалар.
Тест жауаптары.



1

2

3

4

5

жауап

В

Д

С

В

С



Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды


Өз бетімен жұмыс.
Тест

  1. Толық квадрат теңдеуді атаңыз:

А. х-3=0
В. 2 +9х -1=0 
С. 4х2 -2х=0
Д. x+px+q=0

  1. Келтірілген квадрат теңдеуді атаңыз:

А. х-3=0
В. 2 +9х -1=0 
С. 4х2 -2х=0
Д. x+px+q=0

  1. Толымсыз квадрат теңдеуді атаңыз:

А. х-3=0 В. 2 +9х -1=0  С. 4х2 -2х=0 Д. x+px+q=0
4. х— 49 =0 А. 49; -49; В. -7; 7; С. 9; -9 Д. 3; -3
5.Квадрат теңдеудің коэффициенттерін атаңыз: 5х2 -8х -4=0 
А. а=8, b=4, c=5
В. а=4, b=5, c=8
С. а=5, b=8, c=4
Д. а=4, b=8, c=5

Дескриптор:
-квадрат теңдеудің анықтамасын біледі; -квадрат теңдеулердің түрлерін ажырата алады.





Бекіту

Оқулықтан 27-29 есептерді шығару тақтары


Тапсырманы орындайды


Дескриптор:


-квадрат үшмүшені көбейткішке жіктей алады
-квадрат теңдеудің анықтамасын біледі; -квадрат теңдеулердің түрлерін ажырата алады.



Кері байланыс



Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: карточканың сыртына сабақтың мақсатын жазу керек.
- Мен түсінген жоқпын ....
- Мен үшін өте күрделі ...
- Мен бәрін түсіндім және орындай аламын ...
Үйге тапсырма. №30, №35

Тақырыпты меңгергенін анықтау. Келесі сөйлемдерді толықтырып, білім поштасына салады
- Мен түсінген жоқпын ....
- Мен үшін өте күрделі ...
- Мен бәрін түсіндім және орындай аламын ...

Үй жұмысын жазады



Дескриптор бойынша жинаған ұпайларымен бағаланады







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет