Пән атауы: Эпидемиология және инфекциялық аурулардағы мейіргер ісі. Лектор



бет12/13
Дата26.04.2020
өлшемі33,76 Kb.
#64812
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
іш сүзегі, А,В парасүзегі.Дизентерия.Сальмонеллез

Эпидемиологиясы. Сальмонеллез жеке спорадикалық жағдай ретінде, сонымен қатар эндемиялық өршітпе түрінде кездеседі. Сальмонеллездің эпидемиологиялық ерекшеліктерінің бірі - әлемнің көптеген, әсіресе экономикалық дамыған елдерінде сырқаттанушылықтың өсуіне айқын бейімділігі.

Сальмонеллездің негізгі инфекция көзі ауылшаруашылық жануарлары мен құстары, сальмонеллезбен ауыратын науқастар, немесе бактериотасымалдаушылар, берілу механизмі- фекальды-оральды, жұғу жолдары - алиментарлы, су арқылы, тұрмыстық-контактілі. Сальмонеллездің негізгі жұғу жолы — алиментарлы, ал инфекцияның берілу факторлары болып әртүрлі тағамдық азық - түліктер (мал, балық, шаян, устрица моллюск, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері және т.б.). Су инфекцияның тікелей немесе жанама берілу факторы ретінде саналады.



Патогенезі. Сальмонеллездің патогенезінің бірқатары әлі анықталмаған. Аурудың манифесті түрлері даму үшін, асқазан - ішек жолына сальмонелла токсины ғана емес, сонымен қатар, тірі қоздырғыштары енуі керек. Асқазанда жойылмаған сальмонеллалардың негізгі тобы ішекке өтіп, он екіелі және ащы ішек тіндеріне тез енеді. Ішекте қалған сальмонеллалардың біршама бөлігі, ферменттер және басқа қорғаныс субстанциялардың әсерінен өледі немесе нәжіспен сыртқа шығарылады. Тіндерде негізінен lamina propria-да сақталған сальмонеллалар көбееді.

Диагностикасы. Сальмонеллездің салыстырмалы диагностикасы жұқпалы аурулардың үлкен тобымен (этиологиясы басқа токсикоинфекциялар, жедел дизентерия, вирусты гастроэнтерит, іш сүзегі, грипп және т.б.), терапевтік (миокард инфаркты, (холецистит, панкреатит) және хирургиялық аурулармен ( жедел аппендицит, жедел холецистит), сонымен қатар, ауыр металлдардың тұздарымен уланумен жүргізіледі.

Сальмонеллез диагнозы ауруға тән клиникалық белгілерінің және лабораториялық зерттеу мәліметтерінің негізінде қойылады. Тиянақты және дұрыс жиналған эпидемиологиялық анамнезді назарға алу керек. Эпидемиологиялық деректерінен сапасыз азық - түлікті қолдануға байланысты, ауруының топтық сипатта болуы маңызды.

Сальмонеллез қалтыраудан, лоқсу, құсудан басталады; эпигастральды және умбиликальды аймақтарда ауру сезімі пайда болады, кешірек көп мөлшерде сулы қара - қоңыр немесе жағымсыз иісті жасыл түсті нәжіс қосылады.

Емдеуі.Диареялық инфекцияларда түзім, және күтім «базисті терапияны» құрастырады, оларсыз ішектік науқасты емдеуге бәлкім емес. Ішектік науқасты күтім кезінде санитарлы дезинфекцияға назар аударылады, әсіресе әжетханаларда. Палаттық медициналық мейірбике ішек науқасты жағдайының барлық өзгерістері туралы емдеуші (кезекші) дәрігерге хабарлауға, дәрігердің тағайындауы бойынша барлық емдік және диагностикалық процедураларын орындауға тиіс. Сальмонеллез кезінде госпитализация қатаң міндетті емес. Аурудың жеңіл ағымымен ауыратын науқастар және реконвалесценттер үй жағдайында емделе алады. Стационарлық емдеу аурудың орташа ауырлықтағы және ауыр ағымыидағы науқастар, ерте жастағы балалар, кәрі адамдарға, ауыр, қосалқы аурулары бар науқастарға көрсетілген. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша госпитализацияға тағамдық өндіріс, балалар мекемесінің қызметкерлері, жатақханада тұратындар, әскери қызметкерлер және с.с. міндетті түрде жатқызылады.

Емдеу әдісін таңдау аурудың түрі мен ауырлығына байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет