Пән атауы: Эпидемиология және инфекциялық аурулардағы мейіргер ісі. Лектор



бет2/13
Дата26.04.2020
өлшемі33,76 Kb.
#64812
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
іш сүзегі, А,В парасүзегі.Дизентерия.Сальмонеллез

Эпидемиологиясы. Іш сүзегі мен тек қана адамдар ауырады. Бұл таза антропоноз. Инфекцияның көзі - науқас адам немесе бактериятасымалдаушы. Қоздырғыштың бөлінуі жасырын кезеңнің соңында басталып, аурудың барлық ағымында жалғасады, ал кейде жазылу кезеңінде де тоқтамаған. Сондай-ақ адамның өмір бойына бактерияның бөлінуі жалғасып отыруы да мүмкін.

Сүзек-парасүзек қоздырғыштары әсіресе азық-түлік өнеркәсібінде, көпшілік тамақтандыруда және балалар мен сауықтыру мекемелерінде істейтін қызметшілердің арасында қауіпті.

Іш сүзегі мен парасүзектер үшін жұғудың фекальды-оральды механизмі тән. Аурудың жұғу жолдары: су арқылы, азық-түлік өнімдері арқылы (алиментарлы) және тұрмыстық- контактілі.

Егер ауру заладанған құдықтан суды пайдаланумен байланысты болса, онда ауру ошақтық сипатқа ие болады. Ауруға барлық адамдар сезімтал. Іш сүзегіне қабілеттілік жоғары, ол адамның жасы мен жынысына байланысты емес. Ауруды бастан кешкеннен соң тұрақты иммунитет дамиды. Бұл ауруларға жыл мезгілдері әсер етеді. Аурудың әсіресе өршу мезгілі - шілдеден бастап, қыркүйек-қазан айларында болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет