Патогенезі.Іш сүзегінің патогенезі – циклді процесс. Патогенез сатылары қоздырғыштың адам организміне енү, тропты тіндерде көбею, қанға өту, қаннан барлық ағзаларға таралу және қоздырғыштың организмнен бөліну кезеңдеріне сәйкес болып келеді.
Іш сүзегінің патогенез сатылары:
1. Жұқтыру сатысы. Қоздырғыш ауыз арқылы енеді. Инфекциялық процесс басталады. Аурудың әрі қарай дамуы қоздырғыштың мөлшеріне, патогенділігіне, вирулентілігіне байланысты.
2. Біріншілік регионарлы инфекция сатысы. Қоздырғыш ішектің регионарлы (мезентериальды) лимфа түйіндерінде көбейіп қабыну тудырады. Лимфаденит, лимфангит дамиды. Ащы ішектің лимфа түйіндерінің ми тәрізді қабынуы пайда болады. Патогенездің 1-2ші сатылары аурудың жасырың кезеңіне сәйкес келеді.
3. Бактериемия және токсинемия сатысы. Қоздырғыш шажырқай лимфа түйіндерінде қарқынды көбееді, нәтижесінде лимфогематогенді тосқауылдан өтіп қан арнасына түседіі - бактериемия дамиды. Бактериемия сатысы аурудың басталуына сәйкес келеді. Қанға тек қана бактериялар өткен жағдайда ауру біртіндеп басталады. Қанның бактерицидті қасиетінің әсері арқылы бактериялар жойлады, эндотоксиндер босатылады, олар организмнің жалпы улануын тудырады. Нейротропты қасиеттің көрінісіне ие болып, олар орталық жүйке жүйесін зақымдайтын әрекет көрсетеді және ауыр оқиғаларда status typhosus қоздыруға қабілетті. Вегетативті жүйке жүйелерінің зақымдануы, метеоризмнің дамуына, іштің ауруына алып келеді. Эндотоксин сүйек кемігінің қызметін бәсеңдетіп лейкопения тудырады. Ал қоздырғыш лимфа түйндерінде көбейіп, эндотоксин бөлініп қанға бактериялармен бірге токсиндер өтсе, онда ауру жедел басталады.
4. Паренхиматозды диссеминация сатысы. Қан айналымындағы жүрген бактериялар иммунокомпетентті жасушаларымен ұсталып паренхиматозды ағзаларға жетіп бекінеді. Ағзаларда гранулемалар түзіледі. Гранулеманың түзілуі организмнің қорғаныс реакциясына жатады, себебі қоздырғыш ошақтанып сол жерде жойылады. Бірақ, бактериялардың мүшелерде бөгеліп қалуы ошақтық зақымдануға алып келуі мүмкін (гепатит, пиелит, өкпе қабынуы, менингит, остеомиелит және т.б. Қоздырғыш дерманың қан тамырларына жетіп, сол жерде продуктивті қабынудың әсерінен бөртпелер пайда болады.
Патогенездің 3-4ші сатылары аурудың өршу кезеңіне сәйкес келеді.
5. Қоздырғыштың элиминация сатысы және аллергиялық өзгерістердің даму сатысы.
Қоздырғыш бүйрек, өт жолдары, ішек арқылы сыртқы ортаға бөліне бастайды. Бактерияның организмнен бөлінуі, сондай-ақ дәреттен, теріден, сілекейден, баласын емізетін ана сүтінен де болуы мүмкін. Капилялларларда микроциркуляция бұзылыстары қалыптасып микротромбтар түзіледі. Жергілікті аллергиялық реакциялар дамиды, себебі қоздырғыш қайтадан ішекке түскенде сенсибилизация қалыптасады. Зақымдалған лимфа түйіндерде некроз дану процестері пайда болады. Некрозданған тіндер бөлінгенде жара пайда болады.
6. Иммунитет қалыптасу және айығу сатысы –реконвалесценция кезеңіне сәйкес келеді.
Ауру қоздырғышының элиминациясына бағытталған иммунитеттің реакциясы құрылады. Аурудан кейін тұрақты және ұзақ иммунитет қалыптасады. Іш сүзегінің қайталануы-сирек кездеседі. Жұқпалы аурулардың даму кезеңінде қорғаушы реакциялар пайда болып, олар организмнің қоздырғыштардан босануына көмектеседі. Бұл процесте маңызды роль ерекше антителдерге тән (опсониндер, агглютининдер, бактериолизиндер, преципитиндер, антиэндотоксиндер), сонымен қатар микро және макрофагтардың фагоцитар белсенділігінің күшеюіне де тән екендігі анық.
Қазіргі уақытта ұзаққа созылатын бактерия жұқтырушы, іш сүзек ауруының созылмалы түрі сияқты қарастырылуда, мұнда мононуклеарлы-фагоцитар жүйелерінің клеткаларында қоздырғыш сақталады. Созылмалы бактериотасымалдашыларында макроглобулинді О-антиделердің (19 S немесе IgM) дефициті табылған.
Достарыңызбен бөлісу: |