Пән атауы: Эпидемиология және инфекциялық аурулардағы мейіргер ісі. Лектор



бет6/13
Дата26.04.2020
өлшемі33,76 Kb.
#64812
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
іш сүзегі, А,В парасүзегі.Дизентерия.Сальмонеллез

Дизентерия (ШИГЕЛЛЕЗ)

Анықтамасы. Бактериальді дизентерия (синонимі-шигеллез) - шигеллалармен шақырылатын, фекальді-оральді жұқтыру механизммен, интоксикация белгілерімен және тоқ ішектің дистальді бөлігінің зақымдалуымен, іште толғақ тәрізді ауру сезімінің пайда болуымен, шырыш және қан аралас жиі іш өтуімен, тенезмалармен сипатталатын ішек инфекцияларының аурулар тобына жататын антропонозды ауру.

Этиологиясы.Бактериальды дизентерияның қоздырғышы - шигелла туыстығына жататын қозғалмайтын грам-теріс микроорганизмдер. Қазіргі жіктелуі бойынша шигеллалар 4 түрге бөлінеді: 1) Sh.disеnteгіае - бұған Григорьев-Шига, Штуцер-Шмитц және Лардж-Сакс бактериялары кіреді. 2) Sh. fIexneri - бұл түрдің ішіне Sһ.newcastle кіреді, 3) Sh.boydii, 4) Sh. Sonnei. 3онне шигелласынан басқа әрбір түрі бірнеше серовардан тұрады. Шигеллалардың қабырғасының құрамына эндотоксиндер-белокті-липосахаридті комплекс кіреді. Шигеллалардың құрамында эндотоксин бар, ол интоксикация белгілерін тудырады. Шигеллалардың экзотоксин түзу қабілеттігі бар, олардың ішінде энтеротоксин және цитотоксин бар. Энтеротоксин ішек құысына су мен электролиттің түзілуіне себеп болады, ал цитотоксин ішектің эпителиальды жасушаларының мембраналарын зақымдайды. Григорьев-Шига шигелласы ең күшті токсин - нейротоксин түзеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет