Пән атауы: Инклюзивті білім беру Орындаған: Турланова Жадыра ҚТӘ-202



Дата27.10.2023
өлшемі21,02 Kb.
#188771
Байланысты:
4срсп инклюзив Турланова


Пән атауы:Инклюзивті білім беру
Орындаған: Турланова Жадыра ҚТӘ-202

№4 СРС-СРСП


Тақырыбы: Зияты зақымдалған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар.Оқуда қиындықтары бар балалардың оқу әрекетінің ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасы Заңының 6- бабының 4- ші тармағын іске асыру мақсатында, арнайы білім алуды қажет Ететін адамдар үшін мынадай арнайы түзету ұйымдары белгіленеді:
1) мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу
түзету ұйымдары ( орынын толтыру);
2) түзету білім беру ұйымдары;
3) кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім
берудің түзету ұйымдары;
4) арнайы білім беру ұйымдары;
5) жетім және ата- аналарының
қамқорлығынсыз қалған кемтар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары.
Арнайы білім беру мекемелерінің ішіндегі көмекші мектептің негізгі құрамын ақыл-ойы кем балалар құрайды. Ақыл ойы кемістігін халықаралық ғылыми тілде олигофрения деп атайды. Олигофрения грек тілінен аударғанда ақылы таяз деген ұғымды білдіреді. Бұл терминді ғылымға немістің психиаторы Э. Крепелин енгізген. Ақыл - ойы кем балалар өз дамуы бойынша нормадан ауытқыған балалардың көп бөлігін құрайды. Олар баланың жарты популяциясын, шамамен 2,5 % құрайды.Қазіргі уақытта Республикада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды ерте жастан медициналық білім беру және әлеуметтік қолдау жүйесін инфрақұрылым құру, басқару және қаржыландыру, кадрмен және материалды-техникалық қамтамасыз ету керек. Психолого-медициналық-педагогикалық кеңес беру (ПМПК) мүмкіндігі шектеулі баланы тексеріп және оның ерекше білім алу қажеттіліктерін анықтап, соған сәйкес білім беру мекемесіне оқытуға ұсыныс жасап, қорытынды шығарады. Ата-аналар ПМПК-ның қорытындысымен білім беру мекемесін таңдауға құқылы. Облысымыздағы арнайы көмекші мектеп интернатында ПМПК-ның
ұсынысымен келген екі жүздей оқушы білім алып тәрбиеленуде.Оларды арнайы білім беруде және өмірге бейімдеуде мектеп интернаттың педагог-тәрбиешілері арнайы бағыттар бойынша оқу-тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мектепте жеңіл жеңіл ақыл-ой кемістігі (F - 70) және қалыпты ақыл-ой кемістігі (F-71) диагноздары қойылған оқушылар оқиды.Мектептің Жарғысына сәйкес 2006- 2007 жылғы оқу жылынан бастап мектеп 10-жылдық оқытуға көшті. Ақыл - ой кемістігі бар балаларды арнайы (түзеу) мектепте оқыту екі кезеңнен тұрады:
1 кезең - I - IV сыныптар;
2 кезең - негізгі (V - IX сыныптар, Х өндірістік
сынып).болып табылады.
Дайындық сыныбы мен 1-сыныпқа 7-8 жастағы балалар қабылданады. Көмекші мектепте 18 жасқа дейін білім алады. Сыныпта, тәрбиеленуші топтарда оқушылар саны 12 адамнан аспайды. Бұл мектептегі бағдарламаның мазмұны өзгеше болғандықтан, балалар ценізді білім алмайды, оқытудың негізі бағыты оқушыларды әлеуметтік бейімдеу мен мамандырылған -еңбекке даярлау. Бұл мектепті бұрынан көмекші мектеп деп атайды.Көмекші мектептегі оқу еңбек пәні бойынша емтимханмен аяқталады, нәтижелері бойынша оқушылар куәлік алады. Ерекше жағдайларда оқушылар денсаулығына байланысты емтиханнан босатыла алады. 1 -4 сыныптарда оқушыны жан – жақты психолого - медико - педагогикалық үйрету және түзеу арқылы қолдаумен бастауышқа білім беру жүзеге асырылады. Оқушылардың білім алуға қызығушылығы артып, оқу ісінде, өз бетімен жұмыс істеуде дағдылары қалыптасады. Ақыл - ой кемістігі (зияткерлік бұзылушылықтары) бар балаларды оқыту барысында танымдық әрекеті қалыптасады.Ақыл - ойы кем балалардың даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп,1ден 9 - сынып аралығындағы базалық оқу жоспарына Танымдық әрекетті түзеу пәні енгізілді. Түзеу әрекеті негізгі кемістікке -
оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін арттыру, моторика бұзылысын, эмоциялық - ерікті жағын, мінез - құлқын түзеуге
бағытталған. Негізгі кезеңде оқушылар практикалық бағытталған және олардың психологиялық - дене мүмкіндіктеріне,еңбектің әр түрі бойынша дағдыларға, бастапқы кәсіби – еңбек дайындығына сәйкес келетін жалпы білім алады. Кейбір пәндер қосымша жүктемеге негізделген, жаратылыстану пәнінің мазмұны валеология элементтерін қамтиды, ал география экологиялық білім негізімен оқытылады. 4 - сыныптан 6 - сыныпқа дейінгі сыныптарда Жалпы еңбекке дайындық пәні оқытылады.Жалпы еңбекке дайындықта мектеп оқушылары кәсіби тігу мен столярдың бастапқы дағдыларын меңгереді. 7 - 9 - сыныптарда осы мамандықтар бойынша тереңірек оқып біледі.Мемлекеттік стандарттың критерийлік – бағалау функциясы мектепте білім беру мазмұнының нормативтері мен
сапасын анықтауды талап етеді. Бірақ та, оқушылардың медициналық көрсеткіштер мен клинико-психологиялық ерекшеліктері бойынша құрамының түрлілігін ескерілетіндіктен, бұл нормативтер арнайы білім беру жүйесінде бірдей болуы мүмкін емес. Оқу білімдерінің нұсқалық нормасы негізіне В.В. Воронкованың жетекшілігімен Ресейдің Білім беру Академиясының түзеу педагогика Институты қызметкерлері әзірлеген көмекші мектеп оқушыларын педагогикалық саралау кіреді. Ақыл - ойының
кемістігі бар оқуышыларды оқытудың негізгі көрсеткіштері:
ойын қорытындылау, оның ішінде білімі мен
ептілігі;
ойлау әрекетінің сөйлеу - логикалық және практикалық компоненттерінің арақатынасын ұғыну;
тапсырмаларды шешуде өз бетімен жұмыс істеу;
оқушылардың көмекті сезінуі, ересектер тарапынан көрсетілген көмекке көзқарастары;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет