Пән: Қазақ тілі
|
Сынып: 7 А / 7 Ә
|
Күні:
|
Тақырып:
|
Ауыспалы осы шақ.
|
Оқыту мақсаты
|
Оқушылар етістіктің ауыспалы осы шағы туралы және оның жасалу жолдары туралы түсінік алады.
|
Күтілетін нәтиже:
|
- ауыспалы осы шақ туралы мәлімет алды;
- жасалу жолын түсінді;
- басқа түрінен ажырата алып, талдау жасай алды;
- өзіндік ой-пікір айтуға дағдыланды;
- бірін-бірі тыңдауға, бағалауға, сұрақ қоюға жаттықты;
|
Модульдер
Әдіс –тәсілдер
|
1. Диалогтік оқыту – «Зымыран сұрақтар», пікір айту, дәлелдеу.
2. СТОҮ – кесте толтыру, Венн диаграммасы арқылы салыстыру.
3. Жас ерекшелігіне сай оқыту
4. ОүБ - топ жұмысын бағалау
5. Көшбасшы – топ жұмысын ұйымдастыру
|
Ресурстар
|
7-сынып оқулығы, кеспе қағаздар, бағалау парақшасы
|
Алдыңғы білім
|
Осы шақ. Нақ осы шақ.
|
Жоспар
|
Кезеңдер
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
1. Оқыту мақсаттары мен күтілетін нәтиже айтылады.
2. Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу.
3. Шаттық шеңбері «Ізгі тілек»
|
Кезекші мәлімдемесі.
Оқушылар бір-біріне ыммен сыйлық береді.
|
Қызығушылықты ояту
|
«Зымыран сұрақтарға» жауап алады:
1. Етістіктің шағы дегеніміз не?
2. Осы шақ нені білдіреді?
3. Нақ осы шақ нені білдіреді? Қалай жасалады?
|
Оқушылар рет-ретпен сұрақтарға жауап береді.
|
Мағынаны тану
|
Сабақ мақсатына болжам жасатады.
Электрондық оқулықтан және интернет саттарынан қосымша мәлімет қарап, танысады.
Топтық жұмыс:
1-топ: Ауыспалы осы шақ туралы түсінік беру.
2-топ: Нақ осы шақ пен ауыспалы осы шақты салыстыру(Венн диаграммасы арқылы)
111-жаттығу. Көшіріп жазып, ауыспалы осы шақты білдіріп тұрған етістіктердің астын сызу, жасалу жолын көрсету.
Топтық тапсырма: 112-жаттығу
1-топ: Сөйлемді оқып шығып,нақ осы шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып жазу. Қалай жасалып тұрғанын түсіндіру.
2-топ: Сөйлемді оқып шығып,нақ осы шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып жазу. Қалай жасалып тұрғанын түсіндіру.
|
Сабақ мақсатына болжам жасайды.
Өзіндік білім алады.
Мысалмен дәлелдету. Ой-пікірлерін айтқызу.
Ағылшын және орыс тіліндегі айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сұрау, көрсету, айту, дәлелдеу.
|
Ой толғаныс
|
Сабақты қорытындылап, оқушылардың ойын, пікірін біледі.
|
Сабақ бойынша өз ой-пікірлерін білдіреді.
|
Кері байланыс
|
Не ұнады?
Не ұнамады?
|
Бағалау
|
Топ басшысына топ мүшелеріне баға қоюын қадағалап, тексереді.
|
Бір-бірін бағалайды, спикер топ мүшелеріне қойған бағасына комментарий айтады.
|
Үйге тапсырма
|
73 бет оқу; 114-жаттығу.
|
Мұғалім рефлексиясы
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
|
- Осы шақ сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді. Мағыналық белгілері:
1. әрдайым болып тұрған не сөйлеп тұрған кездегі дағдылы іс-әрекетті көрсетеді;
2. Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай екіге бөлінеді:
1. Нақ осы шақ. 2. Ауыспалы осы шақ
- Нақ осы шақ қимылдың іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді. Құрамына қарай 2-ге бөлінеді: жалаң және күрделі.
а) Жалаң түрі: отыр, тұр, жүр, жатыр қалып етістіктерінің есімдерше жіктелуі арқылы жасалады; (отырмын, жүрмін, т.б.)
ә) Күрделі түрі: -ып, -іп, -п; -а, -е, -й тұлғалы көсемше түріне отыр, жүр, жатыр, тұр қалып етістіктерінің тіркесіп келуі арқылы жасалады.(оқып отырмын, жүгіріп жүрмін, т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |