4-тақырып. Адамның коммуникативтік қызметі.
Жоспар
1. Тіл мен сөйлеудің функциясы.
2. Адам дамуындағы тілдік қатынас.
3. Адамзат пен жануарлардың қарым-қатынасы.
4. Тілдің экспрессивті-эмоционалды қызметіндегі тілдік құралдар.
5. Тілдің эстетикалық қызметі.
Ұсынылатын әдебиет: [4], 1-12 беттер; [5], 1-41 беттер.
5-тақырып. Орыс тіл біліміндегі әлеуметтік бағыт.
Жоспар
1. Орыс тіл біліміндегі әлеуметтік бағыт.
Тілдің әлеуметтік мәні орыс тіл білімінде 1900 жылдың бас кезінен бастап кеңінен қарастырылып келеді.
Әлеуметтік лингвистика кеңестік тіл білімінде тілдің қоғамдық қызметінің заңдылықтары туралы ғылым ретінде пайда болды. Р.О.Шор, В.М.Жирмунский, В.В.Виноградов, Б.А.Ларин, Ю.Д.Дешериев сияқты ғалымдар әлеуметтік факторлардың тілге әсерін, көптілділік мәселесі, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, тілдің нормалық теориясын қалыптастыру тәрізді мәселелерді қарастырды. Әлеуметтік линвистиканың мақсаты – тілдің қоғамдық қызметін, әлеуметтік табиғатын, қоғамдағы орнын, қоғам мен тіл арасындағы қарым-қатынасты жан-жақты зерттеу деп көрсетеді.
Ұсынылатын әдебиет: [3], 1-85 беттер; [7], 1-44 беттер.
6-тақырып. Қазақ тіл біліміндегі әлеуметтік бағыттың қалыптасуы мен дамуы
Жоспар
Әлеуметтік лингвистика туралы алғашқы пікірлер.
Қазіргі кездегі зерттеу еңбектері.
Әлеуметтік лингвистика туралы алғашқы пікірлерді ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының еңбектерінен байқаймыз. Оған Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов және т.б. пікірлерін келтіруімізге болады.
Қазақ тіл білімінде әлеуметтік лингвистикалық бағытты теориялық тұрғыдан алғаш негіздеген – академик Б.Хасанұлы. Академик Б.Хасанұлының бірнеше кітаптары жарық көрген. 1987 жылы жарық көрген «Қазақ – орыс қостілділігі (әлеуметтік-лингвистикалық қырлары)», 1989 жылы жарық көрген «Қазақстандағы қостілділік» атты еңбектерін айтуымызға болады. Ғалымның бұдан басқа да бірнеше кітабы әлеуметтік лингвистика мәселелеріне арналған.
Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.
Достарыңызбен бөлісу: |