Кредит саны мен оқу мерзімі Барлығы – 2 кредит
Курс:
Семестр:
Аудиториялық сабақтар – 30 сағат
Дәрістер – 15 сағат
Тәжірибелік – 15 сағат
СӨЖМ – 15
Соның ішінде СӨЖ - 45
Еңбек сыйымдылығы барлығы – 90 сағат
2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары Аты-жөні: Қадырова Бақытжан Масалимовна
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: ф.ғ.к., доценті
«Қазақ филологиясы» кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64) 324 аудиторияда орналасқан.
Байланысу телефоны: Тел. (12-55) 324 кабинет
3 Пәні, мақсаты мен міндеттері Пән: «Әлеуметтік лингвистика»
ХХ ғасырдың соңғы ширегінде тіл білімінің жаңа бағыттары психолингвистика, статолингвистика, паралингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, социолингвистика сияқты ғылымдар дүниеге келді. Өйткені ұлттық мәдениет, болмыс, таным, дін сияқты ұғымдарды бір-бірімен тоғыстыратын ұлттық тілдің табиғатын өзінің ішкі заңдылықтары негізінде ғана танып білу жеткіліксіз. «Әлеуметтік лингвистика» атты теориялық курс бүгінгі таңдағы тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі – тілдердің әлеуметтік себептеріне арналған. Әлеуметтану мен лингвистика ғылымдарының сабақтастығына негізделген әлеуметтік лингвистика ғылымы тіл білімінің жоғарыда аталған жаңа ағымдарымен тығыз байланысты. Аталмыш ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, функционалдық жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді. Әлеуметтік тіл білімі – тілдің әлеуметтік табиғатымен байланысты тіл білімі. Әлеуметтану, әлеуметтік психология және этнографиямен қатар дамитын жалпы тіл білімінің бір саласы.