Пән бойынша дәріс тезістері еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдістері Еңбек


Орталықтан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету



бет11/24
Дата28.03.2023
өлшемі62,31 Kb.
#173125
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
дәріс Еңбек құқығы(5) 3

Орталықтан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде алдынғы орын алып отыр. Бұл келер жайттарға байланысты. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі республикада өте көп азаматтардың мүддесін қорғайды.


Зейнетақы қорындағы қаражат тапшылығы мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің өзгеруіне әкелді. Зейнетақы қоры «1994 жылға айқындалған республикалық бюджет» заңдарының құрамынан шығарылып, тікелей халықты әлеуметтік қорғау және еңбек Министрлігі құрамына еңгізілді. Осыған байланысты Қазақстандағы зейнетақы жүйесі 1994 жылы айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Бұл жергілікті өкімет органдарының зейнетақымен қамсыздандыруға қаражат жинаудағы мүделлігін арттырды, алайда, соңғы жылдары республикадағы экономикалық жағдай қордың қызметіне де, қаражаттың жұмсалуына да септігін тигізіп отыр. Нарықтық қатынасқа өту шын мәнінде тез өзгеріп жатқан халық жағдайы арасындағы қарама-қайшылықты үдетіп жібереді.
Басқа елдердің жүйесі әлдеқайда артық болды. Біздің оймызша, оның артықшылығы мынада:
1) жүйе бәрін қамтушы, жалпы мемлекеттік сипатта болды;
2) зейнеткерлердің құқығы тұрған жерлерінен, әлеуметтік жіктеумен шектелмеді;
3) халықты зейнетақымен қамсыздандыру толығымен жас шамасына, денсаулық ахуалына, өзін-өзі асырау шамасына қарай, еңбек стажына және зейнетақы тағайындалмас бұрын алынған табысына байланысты болды.
Біздің көзкарасымыз бойынша, сонымен қатар, бұл жүйе бірнеше рет елеулі кемшіліктермен, тиімділігін төмендігімен өзгешеленеді. Атап айтсақ:
1) инфляция болған жағдайда және экономикалық тоқырау кездерінде мемлекеттік бюджеттік мүмкіндіктері қаурыт қысқартылды, бұл зейнетақының құнсыздануына әкеп соғатын;
2) жүйе теңестіруші сипатта болды және зейнеткерлердің стажы мен еңбек аманатын өте төмен бейнеледі (еңбек бағасы сапасы және мөлшері жағына қарай тіркелмейді);
Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандырудың қазіргі ахуалы айтарлықтай мәселесі болып отыр, сондықтан мынадай объективті және субъективті шарттастық себептер бар:
1) объективтік: экономикалық тоқырау, шаруашылық механизмін қайта құру;
2) субъективтік: мемлекет зейнетақы қорын құрғанда жеткілікті қор көзін құруы қажет болатын, бұл миллиондаған зейнеткерлер үшін әділ әрі қонымды шешім болар еді, себебі олар көп жылдар бойында өз еңбектерімен еліміздің ұлттық байлығын құрды;
3) қор көзінің болмауы зейнетақымен қамсыздандыру саласында бірқалыпты жұмыс жасауға мүмкіндік бермейді, өйткені қорға кірістің кезінде түспеуі зейнетақы жүйесін атқаруда қиын-қыстау кезең туғызады; экономикалық арақатынас теңдігі (жалақы мен зейнетақы көлемі арасында, зейнетақымен ең кеміндегі қажеттілік арасында) бұзылған. Нарықтық қатынасқа өту барысында азаматтардың әлеуметтік қорғалуы көп сұрақ туғызып отыр. Азаматтарды әлеуметтік қорғауды маңызды ұйымдастырудың бір түрі мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандыру саласы болып отыр. Алайда мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандырудағы іргелі теориялық мәселені шешпей, сапалы құқықтық-қағидалы негіз құру мүмкін емес. Сондақытан қамсыздандырудың бір түрін қарастыруға әдістеме ғылымының қажеттілігі туып отыр.
Халықаралық сарапшылардың ұсынысын және әлемдік тәжірибені ескере отырып, Республика Үкіметінің үндеуімен Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін қайта құрастыру тұжырымдамасы бекітілді. Айтылған тұжырымдама зейнетақы реформасын бағыты және негізгі пікірі, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін құрылымды ұйымдастыру белгіленіп, зейнетақы жинақтау жүйесін мемлекеттік реттеу негізі қабылданған. Тұжырымдаманың тағайындауы бойынша реформаның негізгі пікірі ұрпақтар ынтымақтастығы пікірінен зейнетақы жинағының дербестік пікіріне өту.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасында үш дәрежелі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін тағайындады. Бірінші дәреже міндетті түрде бірлесе басқармалы, жарым жартылай зейнетақымен қаржыландыру кезекті түсіммен қаржыландыру, қарттарды әлеуметтік қауіпсіздендіру жүйесін, мүгедектік және асыраушы адамын жоғалтқан жағдайды ескеруді ұсынады. Екінші дәреже белгіленген жарна көлемінде жинақтаушы зейнетақы қорына жеке жарналардың төленуін ұсынады. Жарна жекеленген зейнетақы шотына түсіп инвестицияланады, сонымен қатар бірге пайыз олжалайды. Үшінші дәреже - өз еркімен төленген жарналар есебінен пайда болған зейнетақы жинағы, жеке тұлғаларға жоғары дәрежелі еңбекақы мөлшерін орнын басатын зейнетақы кірісін алуға мүмкіндік береді, бұл міндетті түрде жарнама мен қаржыға қарағанда әлдеқайда жоғары дәрежелі жинақ.
Мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің ұсынысы бойынша, кәсіпорын қызметкерлеріне немесе басқа жеке тұлғаларға ерікті зейнетақы немесе қауіпсіздендіру есебінен қосымша зейнетақы алуға болады және үшінші тұлғадан пайда көреді. Мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандыру мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінен бөлек іске асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет