Пән бойынша дәрістер конспектісі №1 дәріс тақырыбы: Педагогика даму тарихының әдіснамалық негіздері. Мақсаты



бет8/30
Дата08.02.2022
өлшемі156,14 Kb.
#120412
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
П н бойынша д рістер конспектісі №1 д ріс та ырыбы Педагогика д

Тірек ұғымдар:Педагогикалық процестітің қозғаушы тетіктері, құралдар, форма, әдістер, әдістемелік тәсілдер; тәрбие және оқыту әдістерімен өзара байланысы.
Жоспары

    1. Тұтас педагогикалық процесс мәні.

    2. Тәрбие процесінің заңдылықтарына сипаттама.

    3. Тәрбие әдістері туралы негізгі түсінік, классификациясы.

  1. Табиғат пен қоғам дамуы адамның еркінен тыс өмір сүретін объективтік заңдардың қатарына жатады. Бірақ адамдар ол заңдарды ашып, пайдалана білгендіктен олардың іс - әрекеті саналы, бағытталған іс - әрекетке айналады. 

Адамды табиғаттың құрамды бір бөлігі ретінде оны танып білу, оған тәрбие арқылы әсер ету өте күрделі педагогикалық процесс. 
Педагогика болса диалектиканың барлық заңдылықтарын өз бойына жинақтаған ғылым.
Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама – қайшылығында ашылады. 
Педагогикалық процестің заңдылықтарын кезінде К. Д. Ушинский өзінің “Педагогикалық антропология” деген еңбегінде ескертіп айтқан, педагогикалық қағидаларды құр жаттап алу ештеңеге қол жеткізбейді, пайда бермейді. Оның ғылыми негіздерін зерттеу керек, содан шығатын ережелерді білу керек деген. Ол психикалық құбылыстардың заңдылықтарын, оны басқарудың жолдарын зерттеуді, сол заңдарды ой елегінен өткізе отырып, жағдайларға байланысты, пайдалануға болады деген.
Педагогикалық процестің заңдылықтары көрнекті педагогтардың Ю.К. Бабанскийдің, И.Я. Лернердің, И.Ф. Харламовтың еңбектерін кең көлемде баяндалған. Тәрбие – бұл педагогикалық құбылыс. Педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс заңдылық деп аталады. Педагогикалық заңдылық деп – педагогикалық процестің тұтастығын айтады.

  1. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық тарихи тәжірибені беру үрдісі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын қамтиды. Жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы ақпарат құралдары, баспа орындары т.б.

Тәрбие үрдісінің өзіндік ерекшіліктері бар:

  • Тәрбие үрдісі көп факторлы үрдіс.

  • Тәрбие ұзақ мерзімге созылатын үрдіс.

  • Тәрбие үрдісінде бірнеше қайталау болады.

  • Нәтижесі өте елеусіз.

  • Болашаққа бағытталған үрдіс.

Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз және күрделі үрдіс. Озық педагогикалық, психологиялық ойларды ұтымды әдіс-тәсілмен қолдана отырып, жас жеткіншектің ұлттық сана сезімі, имандылық қадір-қасиетін қалыптастыру. Ұлттық ой-парасатын нығайту мақсатымен дарынды балаларды анықтау. Олардың қабылдауын дамытуға жан-жақты жағдай жасау. Мемлекет заңдарын білу және оған сый құрметтпен қарау және оны жүзеге асыруға ынталы болу. Ұлттық ойын, дене шынықтыру түрлерін кең қолдана отырып жастардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою. Сонымен қатар басқа ұлттық өкілдерін, жастардың өзара сыйластық, достық негізде өмір сүруіне ықпал жасау.
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің ірге тасын қалайтын негізгі қағидалар бар:

  • Тәрбиенің мазмұны оның жүзеге асыратын әдіс-тәсілдерінің негізі: адамгершілік,имандылық, ізгілік, елжандылық.

  • Үздіксіз тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие.

  • Жас ұрпақты іс-әрекетпен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу.

  • Тәрбие жұмысының барлық буынында ана тілін пайдалану.

Педагогикалық жағдайды зерттей отырып, педагогика тәрбиенің заңдылықтарын ашады. Заңдылық - педагогикада ғылыми нормативтік реттеуші қызметін атқара отырып, тәрбиенің заңдылықтарын ескеріп, принциптерді қалыптастырады (принцип - негізгі талаптар).
Заң – шынайы дүниенің жалпы, қажетті, мәнді, салыстырмалы тұрақты және қайталанатын байланыстарды көрсетуі, ал олар өз кезегінде тиісті жағдай болғанда дамудың сипатын, бағытын және нәтижесін анықтайды. Заң мен заңдылық арасында өзгешелік бар. Негізінен олар бір типті, бір дәрежедегі ұғымдар, себебі оларда шындықтың ішкі байланыстары және дамуы көрсетіледі. Сонымен бірге заң заңдылықтың белгілі бір жағы іспетті. Ал заңдылық сол шындықтың аясындағы заңдардың ісінің жиынтық нәтижесі сияқты. Заңдылық қажетті үрдіс болып, онда заңдардың тұтастай жиынтығы іс атқарады.
Заңдылық – қандай да бір үрдістің кезеңінде немесе қоғамдық өмірдің кез келген аясындағы объективті түрде бар, қайталанатын, мәнді байланыстағы құбылыстар. Тәрбие заңдылықтары нақты жағдайда заңдардың әрекетінің көрінісі ретінде қарастырылады, яғни тәрбие үрдісінің компоненттерінің құрамдас бөліктерінің арасындағы объективті, мәнді, тұрақты, қайталанатын байланыстары.
Тәрбие заңдылықтары: тәрбиенің қоғамдық мұқтаждық пен талаптарға үйлесімділігі; тәрбие, оқыту, білім беру және жеке дамуы процесстерінің өзара тәуелділігі; жеке адам қарым-қатынасы мен тәрбиесіндегі іс-әрекеттің анықтаушы ролі; тұтас тәрбие процесіндегі мақсат, мазмұн, әдістер мен тәрбие формаларының бір-біріне тәуелділігі т.б.
Әдіс дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жетудің жолы, амалы, тәсілі, айласы. Тәрбиелеу әдістері - тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыстағы іс-әрекетінің тәсілдері. Бұл іс-әрекет тәрбиелеудің міндеттерін шешуге бағытталған.
3. Қазіргі педагогикалық теорияда “Тәрбие әдісі” ұғымы әлі де жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені бұл жөнінде әр түрлі көзқарастардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі – ақ дәлел бола алады. Т. Е. Конникованың анықтамасы бойынша – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И. С. Марьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі – бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В. А. Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс - әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды. 
Тәсіл әдістің құрама бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау, көрсету, машықтандыру,тапсырма т.б. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, ол құбылмалы (өзгергіш), жылжымалыболады.
Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері көрнекі, құралдар, көптеген комуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т.б.) жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану қажет.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің ІІ-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т. Е. Конникова, Г. И. Шукина және В. С. Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылып келеді.
Тәрбие әдістерін жіктеу.
Герцен атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары (Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина) жасаған тәрбие әдістерін жіктеу үш топқа бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет