Пән бойынша дәрістер конспектісі №1 дәріс тақырыбы: Педагогика даму тарихының әдіснамалық негіздері. Мақсаты



бет10/30
Дата08.02.2022
өлшемі156,14 Kb.
#120412
түріКонспект
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Байланысты:
П н бойынша д рістер конспектісі №1 д ріс та ырыбы Педагогика д
00139218-1b28c6c5
Бірінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері: әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге.
Екінші топ. Қоғамдық мінез – құлық тәжірибесін қалыптастыру және іс - әрекетті ұйымдастыру әдістері: педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиелеуші ситуация.
Үшінші топ. Іс- әрекетін және мінез – құлықты ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау.
Төртінші топ. Бақылау, өзін-өзі бақылау және тәрбиеде өзін - өзі баға беру әдістер: педагогикалық бақылау, әңгіме, сұрау (анкета, ауызша, т.б.). қоғамдық пайдалы іс - әрекеттерінің нәтижелерін талдау, балалар ұйымдарының тапсырмаларын орындау. 
Жарыс балалардың ұжымында іс - әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі. Ұжым жарыстың барысында өзінің жетістігі және жарысушы ұжымдардың табысы үшін әрекет жасайды. Жарыс оқушылардың, әсіресе енжар оқушылардың белсенділігін арттырады, жауапкершілігін, ұжымшылдығын дамытады.
Жарысты ұжымдық және дара түрінде өткізуге болады. Ұжымдық түрге сыныптар спорт командалары, оқушылардың өндірістік бригадалары, звенолары арасындағы жарыс жатады. Мұнда негізгі мақсат ар – намыс, құрмет үшін күресу. Жарыстың дара түрлері: жауынгерлік, еңбек даңқы орындары бойынша жорық туралы жақсы әңгімелер сайысы, жақсы әндерді, билерді орындау сайысы т.б. Кейде жарысты дәстүр түрінде де пайдалануға болады. Мысалы: а) үйге берілетін оқу тапсырмасын үнемі орындау ә) сабақ үстінде ескертпесіз жұмыс істеу б) мектеп және үй режимін сақтау в) өте кәрі адамдарды күту, көмектесу.
Мадақтау – бұл баланың жағымды мінез – құлқын ынталандыру құралы. Егер бала өзінің жетістігін және ұжым алдындағы жауапкершілігін білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта түседі. Орынсыз мадақтаудан балада мен – мендік тәкаппарлық, дандайсушылық туады. Сондықтан мадақтау үшін жеткілікті мәліметтер керек.
Жазалау – бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері. Жазалауда жабырқаушылық болмайды, ол болған қателікке қайғыру дейді А. С. Макаренко. Жазалау үшін оның шындығын толық білу, сонымен бірге ұжым пікірі жазалау жағында болғанда ғана баланы жазалауға болады. Жазалауда жеке адамның абыройын төгіп, балағаттау, қорлау ешқандай моральдық нормаға сыймайды.
Сонымен, әрбір тәрбие әдістерінің мақсаты оқушыларды адамгершілік көзқарасқа сендіре білуге, жеке және қоғамдық өмірдегі мінез – құлық нормаларын меңгеруге үйретеді.
Айта кету керек, басқа да толып жатқан тәрбие әдістерінің жіктеулерін жасауда бірсыпыра үлес қосқан ғалымдарға В. И. Коротов, В. А. Каспин, И.С. Марьенко т.б. жатады. Олардың жіктеулері де оқыту мен тәрбие процесінде еске алынады. 
Не себепті осы уақытқа дейін тәрбие әдістерінің бірынғай ғылыми негізделген жіктеуі болмай келді.
Оның себебі, біріншіден, тәрбие әдістерінің жіктеуін жасауда бірыңғай пікірдің жоқтығы толық дәлел бола алады; екіншіден, тәрбие - өте күрделі процесс, ол әр түрлі әдістердің өткізілетін тәрбие шараларының мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келуін талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет