Пән бойынша дәрістер конспектісі №1 дәріс тақырыбы: Педагогика даму тарихының әдіснамалық негіздері. Мақсаты



бет12/30
Дата08.02.2022
өлшемі156,14 Kb.
#120412
түріКонспект
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
П н бойынша д рістер конспектісі №1 д ріс та ырыбы Педагогика д
00139218-1b28c6c5
Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиетері. Балалар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімнің белгілі бір кәсіби қасиеттері қажет. Кәсіби маңызды қасиеттер мәнін анықтауға бірқатар ғалымдар (А. Сатынская, В.А.Сластенин, Г.Сманова, К.Успанов және т.б.) көңіл бөлді.
Тұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі заңдарын басшылыққа ала отырып (Н.Д. Хмель) педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктер жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады. Сонымен, тұтас педагогикалық процестің нәтижелілігі «педагогтар-оқушылар» жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты. «Оқушы» жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдал болып табылады. «Оқушылар» жүйесінде қарым-қатынас «педагогтар-оқушылар» жүйесінде бар қарым-қатынас салдары ретінде жасалады.
Бұл болашақ мұғалімді даярлауда мектептік педагогикалық процестің қызметін жандандыруға мүмкіңдік беретін ‘кәсіби маңызы бар сапаларды қалыптастырудың неге қажет екенін көрсетеді.
Жоғарыда баяндалғандардың балалар ұжымымен тиімді жұмыстар істеудің тиімділігінің шарттарының бірі ретіңде қарастырылатын ұжымшылдық сияқты мұғалімнің жеке қасиеттерін қалыптастыруға қатысты.
Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқушылармен және оқушылардың бір-бірімен дұрыс өзара қарым-қатынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясыңда бұл өзара қарым-қатынас, өзара ықпалдасатың тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықгың сипатына тәуелді. Қызмет барысындағы сипатын түсіну мұғалімнің құзырлығына кіреді. Соған байланысты мұғалім өзінің жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек.
Тұтас педагогикалық процесс және балалар ұжымы теорияларының негізгі қағидаларына (Н.К. Крупская, Т.Е. Конникова, А.С. Макаренко, Л.И. Новиков, В.А. Сухомлинский) сүйене отырып, мұғалімге, сынып жетекшісіне окушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулері қажет:
1. Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықгарының, қозғаушы күштерінін және тәрбиелеу механизмдерінің объектісі ретінде педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білімдер.
2. Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі және оның негіздері мен даму зандылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы.
3. Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайы мен деңгейін диагностикалай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалана алу.
4. Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құралдарын білу және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана алу.
5. Әрбіроқушыныңқызығушылығыменқабілетінесәйкесжалпымақсатқа (сабақгажәнесабақтантысуақыттаоқушылардыңықпалдасужүйесі) жетугебағытталғанокудағыжәнеоқудантысіс-әрекеттерінұйымдастыраалу.
6. Алғашқы (сыныптық) ұжымдықалыптастырудамұғалімніңпедагогикалықжетекшілігіменұжымдаөзін-өзібасқарудыұштастыраалуы.
7. Алғашқыұжымдымектептежәнемектептентысбасқаұжымтүрлеріменөзарабайланысжасауыныңрөлінтүсіну.
Педагогтардың балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында әлеуметтік (қоғамдық) белсенділік ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Қазіргі кезеңде бұл қасиет ерекше манызға ие болады, өйткені ол қоғамадқ іс-әрекеттердің маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардын оған жауапкершілік, белсеңділік, ізденімпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын ұмтылуын қамтиды.
Қазіргі оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуға он көзқарас танытпайтындар да аз емес. Оның негізгі сепбебі ұйымдастырылатын жұмыстардың бірыңғайлығы, ондағы форммальдылық, жұмыстың пайдасыздығынын айқындығы, педагогтың өзінің қызығушылық танытпауы болып табылады. Соған байланысты оқушы белсенділігі мектепте ұйымдастырылатын жұмыстардың тиімділігіне, сұраныска ие болуына, мұғалім позициясына, жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу біліктеріне тікелей байланысты.
Қоғамдык тапсырмалар мұғалім тарапынан емес белсенді топ мүшелері сынып ұжымы тарапынан берілуі тиіс. Тапсырмалар сабақта және сабақтан тыс орындалатын жұмыстарға байланысты берілуі қажет; мүмкіндігінше ол жұмыстарды оқушылардың өздері таңдағандары орынды. Орындалған тапсырма мен онын орынласу сапасы жөнінде ұжым алдыңда есеп берілуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет