Мектептің жылдық жұмыс жоспарының үлгі мазмүны. Мектептердің жылдық жоспарларының түрлі нұсқаларын жинақтай келіп, жоғарыда жоспарластыруға қойылған талаптарды ескеріп, жылдық жоспардың мынадай үлгі жоспарын көрсетуге болады:
Мектеп жұмысының өткен оқу жылының қысқаша қорытынды талдауы және жаңа оқу жылының міндеттері.
Мектеп ұжымының жалпы білім қорының жұмысын атқаруы.
Жұмыс жоспарының бұл бөлігінде мектеп мөлтек ауданы анықталады, нақты мектептанту мүмкіндігі ескеріледі. Мектеп оқушылардың жалпы орта білім алуына бағытталған шараларды жоспарластырады. ҚР »Білім туралы» заңның баптарының орындалуын басшылыққа алады, ата-анасы жоқ, қамқорлыққа зәру балаларға материалдық көмек ұйымдастырады. Бұл жоспар бойынша баланың құқын қорғау, оларды үйде оқыту, тәрбиесі қиын оқушыларға көмек көрсету мәселелері де қамтылады. Педұжым мен ата-аналардың жұмыс жоспарында балалардың дербес-шығармашылық дамуына жағдай жасау да қарастырылуы тиіс.
3. Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру қызметі
Оқушы мен мұғалім қызметінің барлық саласын қамтитын болғандықтан жоспардың бұл бөлімінің көлемі барынша мол болады. Бұл, әсіресе, білімнің, дағдының іскерліктің сапасын қамтамасыз ету, ол үшін оқу процесін ұйымдастырудың жаңа түрлерін қолдану, оқытуды дербестендіру және жіктеу болып табылады. Сыныптан тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, оқушы тұлғасының мәдени базасын қалыптастырудағы мектеп қызметінің алуан түрлілігі оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту, балалардың қоғамдық ұйымдарын қолдаудың »Бала құқықтары туралы Б¥¥ Конвенция-сына» сәйкестігі.
Мектептің, отбасының, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымының оқушылар тәрбиесіндегі бірлескен жұмыстары. Мектептің ата-аналардың педагогикалық білімін көтерудегі жұмыстары. Бұл жұмыстың мазмұны отбасы мен қоғамдық орталық бірлескен әрекетіндегі мектептің ұйымдастырушы орталық ретіндегі рөлін нығайтуға бағытталады. Ол мазмұнға ата-аналар ұжымы мен мектеп кеңесінің жұмысы, педагогикалық лекторийлер, жалпы мектептік педагогикалық конференция, педагогикалық университет сабақтары, ата-аналар үшін ашық есік күндері енеді. Ата-аналарды үйірме, секция, студия және т.б. қоғамдық жұмыстарды жетекшісі ретінде оқушылардың тәрбие жұмыстарына тарту, сол сияқты ата-аналармен дербес жұмыс жүргізу де осы бағыттың мазмұнын құрайды.
Педагог кадрлармен жұмыс. Педагог кадрларды аттестациялау, олардың кәсіптік дайындығының деңгейіне баға беруде информатика мен ЭЕТ құралдарын пайдалану, мектеп ұжымының жалпы мектептік ғылыми-әдістемелік мәселелермен — семинар, конференция, педоқу, әдісте-мелік кеңес отырыстары, педагогикалық кеңес өткізу. Озық педагогикалық тәжірибе мектебінің жұмысын жолға қою. Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері қызметінің мазмұнын айқындау. Педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және таратуға басшылық жасау. Мектепте инновациялық орта қалыптастыру, педагогикалық инновацияны бағалау және енгізу.
Мұғалімдер ұжымы мүшелерінің кәсіби біліктері мен дағдыларын болжау жоспарланады, бұл озат педагогикалық тәжірибені анықтауға, сондай – ақ мұғалімдердің тәрбие мен оқыту әдісінің саласындағы қажеттіліктері мен сұраныстарын анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік кеңес пен әдістемелік бірлестіктер (кафедралар) жұмысының жоспарлары осы тараудың құрамды бөлігі болып табылады.
Мектепішілік бақылау жүйесі. Бұл тарауда бақылауға байланысты арнайы іс-әрекет бағдарламасы қарас-тырылады.
Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту мектептің материалдық құндылықтары, оқытудың техникалық құралдары, оқу құралдарын түгендеп отыру жыл бойына жоспарластырылады. Оқу кабинеттерін безендіру және қайта жабдықтау. Ұзартылған күн тобы мен 6 жасар балалармен жүргізілетін сабақ жұмыстарын жетілдіру. Спорт, туризм, техникалық шығармашылықпен айналысудың материалдық-техникалық базасын нығайту. Мектеп кітапханасының қорын толықтыру. Мектепті ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізудің бағдарламасы.
Ұйымдық-педагогикалық іс-шаралар. Жоспардың бұл бөлімінде мектеп кеңесі отырысының, педагогикалық кеңестің,өндірістік жиынның тақырыптары жазылады. Мектеп басшылары арасында міндет бөлісіледі, мектептің біртұтас жұмыс тәртібі, кезекшілік кестесі анықталады, оқу жүктемесі, сынып жетекшілігі, кабинет меңгерушілігі және т.б. бөлініп беріледі.
Біртұтас басқару циклында жоспарластыру қызметін іске асыру мектеп қызметінің тиімділігін арттырады.
Бақылау сұрақтары.
Мектеп жұмысының жылдық жоспарын құрудың негізгі принциптерін атаңыз?
Мекткп жоспарын құрудың реті қандай?
Мектептің жылдық жоспарының аналитикалық бөлімі қалай дайындалады?
Достарыңызбен бөлісу: |