Пән бойынша дәрістер конспектісі №1 дәріс тақырыбы: Педагогика даму тарихының әдіснамалық негіздері. Мақсаты



бет22/30
Дата08.02.2022
өлшемі156,14 Kb.
#120412
түріКонспект
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Байланысты:
П н бойынша д рістер конспектісі №1 д ріс та ырыбы Педагогика д

Бақылау сұрақтары

  1. Дәстүрлі емес сабақтарға қандай сабақтар жатады?

  2. Дәстүрлі емес сабақтар талдау кестесі.

  3. Аралас сабақтардың мәніне және құрылымына анықтама бер.

  4. Мұғалімнің сабаққа даярлығының негізгі параметрлерін көрсет.

  5. Қазіргі сабақ құрылымының моделін көрсет.

  6. Сабақта саналы тәртіпті орнату жолдарын ата.

  7. Сабақты бақылаудың және оны талдаудың үлгі бағдарламасын көрсет.

11 дәріс тақырыбы:Педагогикалық процесс диагностикасы



  1. Педагогикалық диагностика

  2. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру, бағалау және қадағалау туралы түсінік.

  3. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары

  4. Қадағалаудағы ұстанымдар және білімді тексеру кезеңдері.




  1. Педагогикалық диагностика соңғы онжылдықтаіс-әрекет нысаны және мұғалімді басқару ұстанымын қарастырып келеді. Қазіргі педагогика ғылымында мұғалімнің іс-әрекет нысаны педагогикалық (оқу-тәрбие) процесі деп. Мойындалған. Соған орай мұғалімнің жұмыс тиімділігі оның іс-әрекетнысаны ретіндегі біртұтас педагогикалық процесс теориясын қаншама білуніне және диагностикалау дағдысын меңгеруіне тікелей байланысты. Сонымен педагогикалық диагностикаға мына төмендегідей анықтама беругеболады: „сипаттама үшін аса қажет білім мені с-әрекеттің жиынтығы және педагогикалық процесс жағдайы себе-салдарын анықтау, мақсаттар арсындағы қарам-қайшылықты және „педагог-оқушы” жүйесі мүмкіндіктерін айқындау”(В.К. Омарова).

Оқу-тәрбие процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі жағдайы мен оның жұмы істеуі туарлы ақпарат –диагностикасының негізі. Педагогикалық процестің жағдайы туралы апарат түрлері:бастапқы тактикалық, оперативтік.
Педагогикалық процестің негізгі сипаттамасы және оның көрсеткіштері. Педагогикалық процестің жағдайы туралы ақпаратты талдау, жүйелеу, жинақтау әдістері. Мектептегі іс-әрекеттерді болжау, нәтижелерін көрсету.
Педагогикалық процесті басқару мен оның жағдайын зерттеу үшін ақпараттарды таңдау өлшемдері. Мектепшілік бақылаудың түрлері және әдістері. Мектептегі педагогикалық ұжымның іс-әрекетін бағалау өлшемдері педагогтарды аттестациалаудың енгңзі. Педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің өлшемдері және көрсеткіштері. Педагогикалық процесті сипаттау-мектептегі педагогикалық ұжымның іс-әрекет өлшемдерін айқындаудың негізі.
2. Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу–тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасуы дәрежесі анықталады.
Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне тоериялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.К.Исақов, Е.И.Перовский, С.Ф.Сухорский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктің ғылыми - педагогикалық еңбектерінде талданған.
Бақылауды ұйымдастырудың жекелеген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л. Коган және т.б. теориялық талдау жасаған.
Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады, себебі “есепке алу”, “бақылау”, “бағалауды” ұйымдастырудың мәні, олардың оқу–тәрбие прорцесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.
Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу–таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
3. Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым–педагогтар Ю.К. Бабанский, Н.А. Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын–оқтын, қорытынды деген пікірлер айтады. Ал Г.И. Щукина – күнделікті, тақырыптық, оқтын–оқтын, қорытынды және емтихан деген көзқарастарын білдіреді. Е.А. Дмитриев – күнделікті, тақырыптық және қорытынды, нәтижесі деген тұжырымға келген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет