Негізгі ұғымдар:білім беру, білім мазмұны, мәдениет, пәнаралық байланыс, оқушылардың оқу мүмкіндіктері.
Жоспары:
1. Білім беру мазмұны туралы түсінік және оның мәні..
2. Білім мазмұнын қалыптастырудың принциптері және ұстанымдары.
3. Оқу жоспары, бағдарламалары, оқулық және оқу құралы.
4. Оқулыққа қойылатын талаптар.
1.Білім (оқыту, оқу үрдісі) мазмұны- ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Білім мазмұнын белгілі типті оқу мекемесінде арнайы оқытуға таңдалып алынған білім, біліктілік және дағдылардың нақты жүйесі деп түсіндіруге болады. Бұл жүйеге оқушылардың белгілі интеллектуалдық, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз ететін қоршаған орта, қазіргі заман өндірістері, мәдениет және өнер туралы білім; білім алудың интеллектуалдық және практикалық біліктіліктері мен оларды қолдану тәсілдері; танымдық іс-әрекет, теориялық және практикалық мәселелерді шығармашылықпен шешу дағдыларын меңгеру кіреді. Білім мазмұны категориясы адамдарға белгілі табиғат, адам, қоғам туралы білімдері, белгілі іс-әрекет тәсілдерін орындаудағы адамға тән біліктіліктер туралы алынған білімдері; қоғам алдында туындайтын жаңа мәселелерді шешу тәжірибесі; өмір, табиғат, қоршаған орта тағы басқалар туралы ойлары көрсетілген әлеуметтік тәжірибені бейнелейді. Кейде адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жалпы адамзат мәдениеті деп атайды.
Білім берудің мазмұнын анықтаудың ғылыми-педагогикалық негізі:білім беру жәнеоның мазмұны туралы жалпы ұғым, мектеп тарихындағы білім мазмұнының мәселелері мен педагогикалық ой-пікірлер; кеңесмектептерінің даму мен қалыптасу дәуәрәндегі білім мазмұнын құраудың негзгі кезеңдері; жалпы адамзаттық мәдениетмәдениет; әлеуметтік тәжрибе білім берудің негізгі құрамын анықтаудың негізі ретінде. Білім беру мазмұнының компоненттеріне сипаттама: табиғат, қоғам, техника, адам, іс-әрекет қабілеті туралы білім негіздері; алынған білімге сезімдік-құндылық қатынасын тәрбиелеу.
Жалпы политехникалық, кәсіби білім берудің өзара байланысы. Білім мазмұнындағы пәнаралық байланыстың мәселелері. Оқушылардың шынайы оқу мүмкіндіктері, оларды білім берудің мазмұнын айқындауды ескеру.Қазіргі мектептегі білім беру мазмұнын анықтау мәселелері. Білім беру мазмұнын сұрыптаудағы шығармашылық қатынас. Ұлттық мектептердегі білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.
Білім беру мазмұнын айқындайтын құжаттарға сипаттама: оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары. Шетел мектептеріндегі білім берудің мәселелері. Білім беру мазмұны – оқушыларды жан – жақты дамыту, ақыл–ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.
Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде “нені оқыту керек” сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан–жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындайды. Сонымен, бірге, оқу мазмұны жеке адамдардың да мақсаттарын ескереді. Айта кететін жайт, оқу мазмұны әрқашан саяси, идеологиялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға өз ықпалын таратуға тырысады.
Оқу мазмұны қоғамның әлеуметтік – экономикалық және ғылыми – техникалық қажеттіліктеріне сай қалыптасады. Еліміздің тәуелсіздігі, Республикамыздағы әлеуметтік – экономикалық және саяси өзгерістер мектеп түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді.
Білім мазмұнына әлеуметтік және ғылыми жетістіктер деңгейі де өз әсерін тигізеді. Соңғы кезде ғылыми жаңалықтың пайда болуы мен оның мектепте оқытылуы арасындағы уақыт қысқырып бара жатыр. Мысалы, радио шыққанына 40 жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгізілсе, заманауи компьютерлік бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда.
Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндіктеріне де байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек.
Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделеді.
2. Осы талаптардың негізінде мынандай принциптерді қолдану білім мазмұнының деңгейін көтеруге өте қажет:
1. Оқушыларды білммен қаруландырудың табиғатты қорғауға, еңбекке және өмірге жауапкершілік қатынасты тәрбиелеудің қажеттілігі.
2. Білім мазмұны негізінде ұлттық мәдени тарихи байлықты жалпы азаматтың мәдени мұрасымен ұштастыру.
3. Пәнаралық және пәншілік байланыстарды ғылыми-әдістемелік негзде жүзеге асару.
4. Білім мазмұнында әлеуметтік- экономикалық жолдарын ескерудің маңыздылығы.
5. Қазіргі үдемелі ғылыми-техникалық жағдайда ақпаратты технологияны пайдалану, білім мазмұнын жаңарту.
Мектепте білім мазмұнын анықтау мына мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс:
- табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағыбілімді қалыптастыру;
- диалектикалық-иатериалистік көзқарастары тәрбиелеу ;
- адамды жан-жақты дамыту міндеттерін жинақты шешу;
- жастарды өмірге,еңбекке, мамандық таңдауға даярлау;
Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Бастауыш сыныптарда барлық пәндерден алғашқы элементарлық ақпарат берілсе, орта сыныптарда жүйелі білім беріледі.
Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, жеке пәндердің оқу бағдарламаларында және оқулықтарда, электрондық оқу құралдарында нақтыланады.
3. Оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Достарыңызбен бөлісу: |